Көпбалалы отбасыларға 191 миллард теңге жәрдемақы бөлініпті

Malim Админ

  • 24.07.2020

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты жарты жылда атқарылған жұмыстардың  деректерін жария етті. Министрліктің хабарлауынша, соңғы алты айда  көпбалалы аналарға берілген жәрдемақы көлемі 113,6 млрд теңге болған. Бұл жәрдемақыны 389,1 мың отбасы алған. Бұл жәрдемақы төрт және одан көп, бір үйде бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасыларға табысына қарамастан беріледі. Жәрдемақы көлемі  балалардың санына байланысты есептеледі0.  42,5 мың теңгеден (4 бала) 74,4 мың теңгеге (7 және одан да көп бала) дейін, 8 және одан кейінгі әр балаға 4 АЕК-тен есептелген.

«Осы жәрдемақының ұлғаюы 8 және одан да көп баласы бар отбасылар үшін жеке мөлшерді белгілеу арқылы қамтамасыз етілді. Тиісті заңға Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 13 мамырда қол қойды.

8 баласы бар отбасы үшін жәрдемақы 88 896 теңгені құрайды, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 – 111 120 теңге, 11 - 122 232 теңге, 12 – 133 344 теңге, 13 – 144 456 теңге, 14 – 155 568 теңге, 15 - 166 680 теңге, 16 – 177 792 теңге төленеді» -дейді министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетергілі, бұл заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген, соған байланысты сегіз және одан көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері тағайындалған кезден бастап қайта есептелді.

Сосын,  төленбеген сома осы жылдың шілде айында аударылды.

Жалпы, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 191,1 млрд.  теңге қарастырылған

Қазақстандағы көпбалалы отбасыларға қандай да табыстарына қарамай   берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде қарастырылған табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілді.