Әкімге "ханның қызысыз ба?" деген белсенді сотқа тартылды

Malim Админ

  • 11.08.2020

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВАҒА «Ханның қызысыз ба?» деген қоғамдық белсенді Сандуғаш ТҰРЛЫБЕКОВА әкімшілік жауапқа тартылды. Бірақ оның үстінен қозғалған әкімшілік іске көршісі Ғалия БЕКМҰХАМБЕТОВАНЫҢ арызы себеп болыпты. Бір жылда екі рет әкімшілік сотта істі болған Сандуғаш бұндай сот процесстерін өзінің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігімен байланыстырады.

«Бұл 28 шілде күні болған оқиға ғой. Мен Жаңақорғандағы ескі екі қабатты үйде тұрамын. Ауыз су мен дәретханамыз сыртта. Ішке су кіргізу үшін жеңгем Ақсәуле ЖАЙДАРХАНОВА  екеуіміз су маманымен сыртта сөйлесіп тұр едік. Көршілерім Ғалия Бекмұхамбетова мен Әсел Қатпарова. Бізге соқтығып, ауызына келген сөздерді айтты. Біз ұрысқанымыз жоқ. Мән бермей кетіп қалдық. Сөйтсек, «мені балағаттады» деп полиция шақырып, арыз жазып тастапты», - дейді Сандуғаш Тұрлыбекова МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.

Судья Рысқұлов сотта қоғамдық белсенді, көпбалалы ана Сандуғаш Тұрлыбекованы кінәлі деп тауып, әкімшілік кодекстің 434-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп тапқан.  Және 38 892 мың теңге айыппұл салған. Ал Ақсәуле Жайдархановаға 9 мың теңге айыппұл кесіп берген.

«Мен көпбалалы анамын. Осы уақытқа дейін көп қиындықты көрдім. Жасым отыз алтыда. 34 жасымнан бастап қоғамдық өмірге араласа бастадым. Елдегі көпбалалы аналар проблемасын айтып жүрмін. Содан бастап «ұрысқақ, даукескеге» айналып кеттім. Соттың шешімімен келіспей аудандық әкімдікке бардым. Араша сұрадым. Мені қолдап жиырма шақты көпбалалы аналар барды. Бірақ жергілікті шенеуніктер ауыр сөздер айтып шығарып салды. Сот әділетсіз шешім шығарды деп есептеймін. Жалған куәгер тартылды. Ол куәгер тіпті сотқа қатысқан жоқ. Оның сөзін судья оқып берді. Менің сөзімді құлаққа ілмеді», - дейді Сандуғаш Тұрлыбекова. 

Енді жаңақорғандық белсенді аппеляциялық шағым жазбақшы. Қазір адвокат іздеп жатқанын айтады. Сондай-ақ, «Облыс басшысына «Ханның қызысыз ба?» дегенім үшін істі болып жатқан жоқпын ба деген сұрақ пайда болды», - дейді Сандуғаш.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың шілде айында Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіхалықова Жаңақорған ауданына іс- сапармен келген болатын. Сол кезде көпбалалы ана Сандуғаш Тұрлыбекова полиция «облыс әкімі келді» деп жолды жапқанын айтқан. Және әлеуметтік желіге видео жариялады. Аудандық аурухананы аралып шығып келе жатқан әкімге: 

«Больницаға келе жатыр деп маршрутты тоқтатып, жолды жауып тастады. Сіз әлде ханның қызысыз ба? Халықты қорлайсыздар. Келе салып әшейін кетесіздер, халықпен бірге емессіздер, – деген еді Тұрлыбекова.

Артынша облыс басшысы жауап қатқан-ды. Кінәлі қатардағы полиция болып шықты. 

«Мен жолды жабуға тапсырма берген жоқпын. Аудан әкімі де жолды жабуға тапсырма берген жоқ. Ішкі істер бөлімінің басшысы да ондай тапсырма бермеген. Сол жердегі учаскелік полицияның тапсырмасы болса, cолардың іс-әрекеті болса, онда мен облыстық полиция департаментіне тапсырма бердім сол әрекеттің қаншалықты дұрыстығын білуге», – деп жазды Қызылорда облысының әкімі Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА.

Сандуғаш Тұрлыбекова «Ақжүніс Аналар» еріктілер ұйымының Қызылорда облысындағы өкілі. Қазақстан демократиялық партиясын құру жөніндегі бастаманы қолдаған белсенділердің бірі.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Байланысты жаналықтар

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

17.04.2024

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

17.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

16.04.2024

Тоқаев пен Пашинян кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

15.04.2024
MalimBlocks
Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

Депутат мажилиса Максат Толыкбай обвинил крупные нефтяные компании в нежелании делиться имеющейся у них техникой для помощи во время паводков.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған.

Тоқаев пен Пашинян кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванға сапармен келуге шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Никол Пашинянға алғыс айтты.