457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҰҚК-ге қосылды

Енді сыбайлас жемқорлықпен күрес арнайы қызмет құзырында болады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін қайта ұйымдастыру туралы жарлыққа қол қойды. 


Ведомство дербес орган ретінде қызметін тоқтатады. Енді сыбайлас жемқорлықпен күрес арнайы қызмет құзырында болады.

Қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) құрамына қосылып, дербес мемлекеттік орган мәртебесінен айырылады. Оның орнына ҰҚК құрамында жаңа құрылым – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құрылады.

Бұрынғы антикоррупциялық агенттіктің функциялары екі орган арасында бөлінеді:

– ҰҚК-ге жедел-іздестіру функциялары – сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тергеу және жолын кесу жүктеледі;

– Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, үйлестіру, алдын алу және антикоррупциялық мәдениетті дамыту міндеттері беріледі.

ҰҚК мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің құқықтық мирасқорлары болады.

ҰҚК бір айдың ішінде жаңа қызмет туралы ереженің жобасын және штаттық құрылымды қайта бөлудің ұсыныстарын Президентке ұсынуы тиіс. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өз ережесіне тиісті өзгерістер енгізуі қажет. Бұған қоса, 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін Үкімет Мәжіліске тиісті заң жобасын енгізуі тиіс.

Фото: Kazpravda.kz / Адильбек Тауекелов