457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тоқаев парламенттік реформа туралы өкімге қол қойды

Жұмыс тобының құрамында Парламент Мәжілісі мен Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері бар, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Парламенттік реформа жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Президент «Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойды, - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Жұмыс тобының құрамында Парламент Мәжілісі мен Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері бар.

Бұған қоса, Жұмыс тобына ғылыми институттардың басшылары, еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан әрі конституциялық құқық, мемлекет және құқық теориясына бағдарланған белгілі заңгер-ғалымдар, сондай-ақ Ұлттық Құрылтай мүшелері мен сарапшылар енді.

Фото:  Ақорда