Шаханов дүниеден озды

Malim Админ

  • 31.08.2020

79 жасында белгілі қаламгер дүниеден озды.

Берік Шаханов 1941 жылы 5 қарашада Жамбыл облысы Сарысу ауданы «Жайылма» ауылында дүниеге келген. 1959 жылы орта мектепті бітірген соң екі жыл шопан болып істеген. 1961 жылы ҚазМУ-дің филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түскен. Университетті бітірген соң 1966–1970 жылдары Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер, 1970–1973 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер, 1973–1989 жылдар аралығында «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, 1989–1991 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер болып істеген. 1991–2002 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында аға референт болып қызмет атқарды. 1991–2002 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы кәсіподақ комитетінің Төрағасы. 1996 жылдан бері Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. 2002 жылы 27 сәуірде шақырылған Қазақстан Жазушыларының кезекті ХІІ құрылтайында Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы Төрағасының орынбасары болып сайланды. 2007 жылы 6 маусымда шақырылған Қазақстан Жазушыларының кезекті ХІІІ құрылтайында Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы Төрағасының орынбасары болып қайта сайланды. Б.Шаханұлының есімі Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің, Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының және Министрлер Советінің 1981 жылғы 26 мамырдағы қаулысы бойынша бесжылдықтың тапсырмаларын орындаудағы аса көрнекті табыстары үшін Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Алтын Құрмет кітабына жазылған.
1991 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Құса» атты повестер мен әңгімелер жинағы үшін 1992 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығына ие болған. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен (2002), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2003), «Астанаға 10 жыл» медалімен (2008) марапатталған.
2002 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссияның мүшесі болды.
Б.Шаханұлына Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы желтоқсанның 5-індегі жарлығы бойынша «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілген. Сарысу ауданы, «Жайылма» ауылының Құрметті азаматы.

Байланысты жаналықтар

Жазушы Медеу Сәрсеке өмірден өтті

21.03.2024

Жазушы Жұмабай Шаштайұлы өмірден өтті

12.03.2024

Алтай симфониясын қарасөзбен жазған суреткер

28.09.2023

Жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт қайтыс болды

20.09.2023

Партия құрып, Сібірге айдалған жазушы өмірден өтті

03.02.2023

Гүлжан Амангелдіқызы: «Талант туған топырақтан ажырамауы керек»

20.04.2022
MalimBlocks
Жазушы Медеу Сәрсеке өмірден өтті

Қаныштанушы 88 жаста болатын.  

Жазушы Жұмабай Шаштайұлы өмірден өтті

Ол 4 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Алтай симфониясын қарасөзбен жазған суреткер

Айманына деген сағыныш, «перзент сүю» сылтауымен оны ренжіткені, оның соңы қайғылы қаза...

Жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт қайтыс болды

Қаламгер 74 жасында өмірден озды

Партия құрып, Сібірге айдалған жазушы өмірден өтті

Елін сүйген ерлер партиясын құрған

Гүлжан Амангелдіқызы: «Талант туған топырақтан ажырамауы керек»

Әңгімелерімнің басым бөлігі өзімнің басымнан кешкендерім, сезінгендерім