Журналист Думан Мұхаммедкәрім рақымшылыққа іліне ме?

Журналист Думан Мұхаммедкәрім рақымшылыққа ілінуі мүмкін бе? Бұл сұраққа Мәжіліс депутаты Абзал Құспан жауап берді деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қолданыстағы Қылмыстық кодекстегі заңнамаға сәйкес Парламент жеке тұлғаларға қатысты рахымшылық жасау заңын шығармайды. Біз заң жобасын әзірлегенде арнайы статьяларды ескере отырып жасаймыз. Ал Думан Мұхаммедкәрімге тағылған айып экстремистік-террорристік, жемқорлық ісіне қатысты болса онда ол рахымшылыққа іліге алмайды. Жеке тұлғаға қатысты рахымшылық заңын Парламент емес, тек Мемлекет басшысы ғана қабылдай алады, – деді Абзал Құспан.
Абзал Құспан жақында Мәжілісте Тәуелсіздіктің 33 жылдығына орай рақымшылық жасау жөнінде заң жобасын қорғаған еді. Оған сәйкес мыңдаған адам түрмеден босап шығады.
Еске сола кетейік, өткен жылы журналист Думан Мұхаммедкәрім "Экстремизмді қаржыландырды" және "тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты" деп айыпталып, кінәлі деп танылып, жеті жылға сотталды.
Сонымен қатар, сот журналистке үш жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салған болатын.
Фото: фотоколлаж Qaz365


Ең көп оқылған
