457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық оқушы әлемнің 47 университетінен стипендия ұтып алды

Шымкентте «Жалын» мектебінің 11-сынып оқушысы Бергей Өмірбай қаржы мамандығы бойынша әлемнің 47 университетінен ресми шақырту алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұсынылған гранттар мен стипендиялардың жалпы құны 979 000 долларды құрады.

Шымкент қалалық білім басқармасының мәліметінше, Бергейді шақырған жоғары оқу орындарының қатарында АҚШ, Еуропа және Азияның бірқатар беделді университеті бар.

Атап айтқанда:

АҚШ университеттері: DePaul University, Drexel University, Loyola University New Orleans, Florida Southern College, Susquehanna University, Whitworth University, Albion University, Canisius University, McKendree University және т.б.;

Азия университеті: Xiamen University (Малайзия).

Оқушының академиялық көрсеткіштері келесідей:

IELTS – 6.5;

SAT – 1290 балл.

Бергейдің сүйікті пәндері – математика және ағылшын тілі. Бұл пәндер оның логикалық және коммуникативтік ойлау қабілетін дамытты, болашақ қаржы саласындағы мансабына берік негіз қалады.

Сонымен қатар ол қытай және түрік тілдерін меңгеріп жатыр, әртүрлі мәдениеттерге қызығушылық танытып, өзін жан-жақты дамытып келеді.

«Бұл жетістігіме мектебімнің, ұстаздарымның және кәсіби бағыт-бағдар берген мамандардың қосқан үлесі зор», – дейді Бергей Өмірбай.

Фото: Шымкент қалалық білім басқармасы