Тоқаев пен Мирзиеевқа ортақ кеңесші немесе Ақорда түсіндірмесі

  • 15.09.2020
  • Malim Админ

Кеше ғана Чакрабарти мырза Тоқаевтың экономикалық даму жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған еді. Сума Чакрабартидың тағайындалуын Ақорда Президент жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің құрылуымен байланыстырған.

«Президент жанындағы жоғары кеңес жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында кеңес құрамына Еуропалық қайта құру және даму банкінің экс-президенті (2012-2020 ж.ж.) Сума Чакрабарти енгізілді.

С. Чакрабарти дамушы нарықтар мәселелері бойынша маман, Ұлыбритания мемлекеттік қызметі жүйесіндегі ірі реформаларды әзірлеуде тәжірибесі мол. Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне техникалық көмек бағдарламасы – британдық «ноу-хау» қорының дамуында негізгі рөл атқарды.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы ретінде С.Чакрабарти аталмыш қаржы институтын ауқымды жаңғырудан өткізді. Өзі басшылық еткен жылдары бұл мекеме Қазақстанға 9 млрд доллар көлемінде инвестиция салды. ЕҚҚДБ мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті, «жасыл экономика» мен шағын және орта бизнесті реттеу мен дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеуде маңызды консультативтік көмек атқарды», деп жазды Ақорда.

Сэр Сумма Чакрабарти өзінің Twitter парақшасында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің да кеңесшісі болатынын жазды. «Реформаларды жүзеге асыруда оған қуана көмектесемін» деп жазған ол Мирзиеевқа экономика, реформа, халықаралық тиімді байланыс орнату жөнінде кеңес береді.

Екі ел басшысының телқоңыры болған Чакрабарти мырза қай елдің көсегесін көгертер еккен.

Байланысты жаналықтар

Кеңес Рақышевтің Ұлыбританиядағы ұстара бизнесі

17.05.2021

Тоқаев көкөністер неге қымбаттағанын айтты

10.07.2021

Тоқаевтан Назарбаев атындағы Оқушылар сарайын салуды сұрап жатыр

22.06.2020

Сот Әсия Төлесоваға қатысты шешім шығарды

10.06.2020

Саакашвили: Назарбаевпен Ресейге ұнамаса да араласып тұрдық

25.06.2020

Саяси партияларға бюджеттен қанша бөлінеді?

29.02.2020