Құл-Мұхаммед Тоқаевты мақтап, Назарбаев құрған одақты сынады

Malim Админ

  • 24.09.2020

Парламенттегі пленарлық отырыста Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед Еуразиялық экономикалық одақтың кілтипандарын айтты.

«ЕЭО – біздің мемлекеттің бастамасымен құрылған маңызды ұйым. Тауарларды импорттайтын, интеграцияны күшейтетін одақ. Бірақ бұл жерде де кілтипандар жоқ емес. Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат спикері кезінде Сыртқы Істер министрлігіне бірнеше рет ескерту жасаған еді. Оның ішінде протокол арқылы ЕЭО актілеріне өзгерістер енгізу мәселесі де болды. Өзгеріс енгізілген протоколдар Парламентке келіп, екі палатаның да талқылауынан өтеді, бірақ мәселе шешілмейді», ­- деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Депутат қандай мәселелердің шешілмей жатқанын да айтты.

«Мысалы, біз тауарларды басқа мемлекетке экспорттасақ, федералды деңгейдегі шенеунік оған кедергі келтіре алады. Онда неге протоколдарды ратификациялап жатырмыз. Неге заң қабылдаймыз, егер кез келген шенеунік оған кедергі келтіре алатын болса. Бұл мәселе мемлекет басшыларының деңгейінде шешілген еді ғой. Қазір біздің көп тауарларымыз әртүрлі себептермен көрші мемлекеттерге кіргізілмей отыр. Неге осы мәселе шешілмейді? Біздің сырты саясатымызбен айналысып отырған органдар бұл мәселені өз деңгейлерінде шешпей ме?», - деді депутат.
Бұл сұраққа Сыртқы істер министрі Марат Сыздықов жауап беруге тырысты. «Бұл мәселе Сауда және интеграция министрлігінде қаралып жатыр. Олар еуразиялық интеграцияны жүргізіп отыр. Сырты істер министрлігі ЕЭО-тың саясатына жауап береді. Оның үстіне одақ аясындағы сауда тірі процесс. Оның алдын ала біле алмайтын жағдайлары болады. Жұмыс барысында көптеген нюанстар мен шешу керек сұрақтар жиі туындайды. Сондықтан өзгерістер енгізуге тура келеді. Ол шешімдерді мемлекет басшылары енгізген протоколдағы өзгерістерден көруге болады», - деді Марат Сыздықов.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ 2014 жылдың 29 мамырында Қазақстан, Ресей, Белорусь мемлекеттерінің басшылары келісімі негізінде құрылып, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды жұмыс істей бастады. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен құрылды деп есептеледі.

Материалды көшіріп басуға болмайды!

Байланысты жаналықтар

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Су тасқыны: Президент Қостанай облысының қазіргі ахуалымен танысып жүр

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024

«Алдағы 10 күн ең қауіпті болады»: Тоқаев су тасқыны туралы айтты

16.04.2024

«Тоқаевты әрдайым қолдаймыз»: Нұрсұлтан Назарбаев қоры мәлімдеме жасады

16.04.2024

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

16.04.2024
MalimBlocks
Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Су тасқыны: Президент Қостанай облысының қазіргі ахуалымен танысып жүр

4 көпірді, 7 жол учаскесін су шайып кеткен, 1414 электр бағанына нұқсан келді.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.

«Алдағы 10 күн ең қауіпті болады»: Тоқаев су тасқыны туралы айтты

Бірақ біз еліміз бойынша апат салдарын жою шараларын қабылдап жатырмыз.

«Тоқаевты әрдайым қолдаймыз»: Нұрсұлтан Назарбаев қоры мәлімдеме жасады

Қор өкілдері қордың қызметінде саяси да, ақпараттық-манипуляциялық та сипат жоқ екенін атап өтті.

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған.