Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Басты

Заманбек балаларын билікке жолатпады

Қанат Тілеухан Авторы: Қанат Тілеухан
11.11.2020
Share on FacebookShare on Twitter

– Жұмаш аға, биыл Заманбек Нұрқаділовтің дүниеден өткеніне он бес жыл болды. Аттарын атағым келмейді. Бірақ біраз азаматтарға хабарласқанымда ешқайсы сұхбат беруге ықылыс танытпады. Қазір неге Зәкеңмен араласқан адамдар ол кісі жайлы айтудан қашқақтайды?

Жұмаш Кенебай

-Қазіргі саяси жүйенің салтанат құрғанына отыз жыл болады екен. Осы жылдар ішінде қазақ зиялылары, биліктегі шенеуніктер құл болып біткен. Өйткені жоғарыға қарайды. “Жап аузыңды” десе, жабады. Құлдық психологиямен өскен ұлтта кім шындықты айта алады дейсіз. Зәкең оппозицияға кеткенде қасында болған, қарамағында істегендер сәлем бермейтін болды. Шеттерінен қашты. Мен оны өз көзіммен көрдім. Бұның бәрі құлдық психология. Бәрі құл болып қалған. Құл басқарған мемлекетте жағдайдың қандай болатынын өзің білесің ғой. Бір жағынан бұған саяси жүйе кінәлі. 1991 жылдан бері ешнәрсе өзгерген жоқ қой.

-2005 жылы 12 қараша күні Заманбек Қалабайұлы үйінде белгісіз жағдайда көз жұмды. Бір айдан кейін Алматы қалалық ішкі істер департаменті марқұм өзіне-өзі қол жұмсады деген қорытынды жасады. Демек, бұл саяси террор емес. Онда неге билік Зәкеңнің туған күнін, мерейтойын атаусыз қалдырады. Ол кісінің мемлекеттің қалыптасуына сіңірген еңбегі бар емес пе?

-Зәкең «өзін-өзі үш рет атты» деген сөз шыққалы ол кісі жайлы әңгімелер билікке ұнамайды. Айтса өтіріктері шығып қалатын сияқты. Немесе бір жерден ши шығатын сияқты. Сондықтан осы бәледен аулақ болайық дейтін көрінеді. Әйтпесе Зәкеңнің осы Алматының көркеюіне қосқан үлесі көп қой. Бір көшені бермей ме атына.

-90-жылдардың басында сіз Алматы қаласы әкімдігі Ұлтаралық қатынас және қоғамдық саяси ұйымдары бөлімінің басшысы болдыңыз. Зәкеңнің қарамағында істедіңіз. Қандай еңбектерін бірінші кезекте атап өтер едіңіз?

-Баспанасыз жүрген талай адамға үй берді. Шаңырақ пен Думанға ауылдан қалаға босып келген мыңдаған отбасыны қоныстандырды. Алматының негізгі көшелерінің барлығын ауыстырды. Бөгенбай, Қабанбай, Абылайхан, Ахмет Байтұрсынұлы аттарын жаңғыртты. Біздің бөлім Фурманов көшесіне Әлихан Бөкейхан атын берейік деп ұсыныс жасадық. Оны Заманбек ағамыз қолдады. Бірақ жоғарғы жақ өткізбей тастады.

-Кім өткізбеді сонда?

–Президент Назарбаев.

-Ол кісінің басқа әкімдер мен министрлермен қарым-қатынасы қандай еді? Кімдермен араласты?

-Мен Семей облысының әкімі Кешірім Бозтаев ағамызбен жақсы сыйласқанын білемін. Кешірім аға Зәкеңнің азаматтығын үнемі айтып жүретін. Зәкең он тоғыз облыстың басшыларының басын қосып Алматыда қонақ еткені бар. Ол кезде Алматы – астана. Бәрінің бала-шағасы Алматыда оқиды. Аймақтағы әріптестерінің өтінішін жерге тастамайтын.

-Қай шенеуніктердің өсуіне, карьера жасауына көмектесті?

-Қызығы, Заманбек Нұрқаділов команда жинамаған адам. Қасындағы жігіттерді жаңа қызметке көтеру, карьерасын жасауға жағдай жасаған емес. Әркім өз еңбегімен өсуі тиіс деп отыратын.

З. Нұрқаділовтің балалары. Фото: Азаттық радиосы

-Бізде шенеуніктердің балалары дәулетті болып келеді. Ол тіпті жасырын да емес. Жұрттың бәрі біледі. Мысалы ШҚО-ның әкімі Даниал Ахметовтің отыздың ішіндегі ұлы Форбс журналынан бір-ақ шықты. Зәкең балаларына жағдай жасады ма?

-Зәкең саясатта жүргенде жақын туған-туыстарын, балаларын билікке жолатқан жоқ. Ұлын қызметте өсірген жоқ. Қызын миллионерге айналдырмады. Панаргүл деген әпкесі бар еді. Ол кісіні де еш нәрсеге жақындатпады.

-Ағайынның реніші болды ма?

-Болды ғой. Ол кезде жекешелендірулер басталды ғой. Барлығы қарпып жатты. Және тегін алып жатты. Зәкең еш нәрсе алмады. Туыстарына да алып бермеді. Ол кісі байлыққа қызыққан жоқ. Қазағын сүйді. Қазағым аман болсын деп отыратын.

Қоғам қайраткері, ақын Жұмаш КЕНЕБАЙДЫҢ «Жаңа Алаш» Youtube каналына берген толық сұхбатын төменнен көре аласыз.

Tags: Жұмаш КенебайЗаманбек Нұрқаділовтің балаларыЗаманбек Нұрқаділовтің қазасыЗаманбек Нұрқаділовтің өлгеніне он бес жылЗаманбек Нұрқаділовтің өмірі мен өліміЗаманбекті атқан кімЗаманбектің өліміне қатысты шындықҚайрат НұрқаділовҚұралай Нұрқаділова

Ұқсас жазбалар

Жұмағали Маханов пен Бекжан Тұрыс

Жұмағали Маханов: «Бекжанға таңғалам, Бақытжанмен сырласам»

Авторы: Бағашар Тұрсынбайұлы
17.04.2021
0

­«Алдыңғылардың әңгімесінде» қонақта Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының актері Жұмағали  Махановпен сұхбаттасқан едік. Сахнаның қыр-сырын...

Есенғали Раушанов

Есенғали планета боп кеткен жоқ па осы…

Авторы: Бағашар Тұрсынбайұлы
16.04.2021
0

16.04.2021. Адам тірі кезінде түскен әдемі суреттері өлген соң неге мұңлы бола қалады екен... Бір кездері жарқылдаған көзқарасы да қош...

Есенғали Раушанов қайтыс болды

Авторы: malim
16.04.2021
0

Ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов қайтыс болды. Бұл туралы ақын Ақберен Елгезек Facebook парақшасында жазған. "Қадірлі ағайын!...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Көлгіновтың рейтингі түсіп кетіпті

19.06.2020

Коронавирус шыққан Қытай Қазақстанға көмектеспек

02.04.2020
Фото: diapazon.kz

IV тоқсандағы бағалау: Карантин кезінде ТЖБ мен БЖБ қалай өтеді?

01.04.2021
Ф.М.Достоевский

ЖАЗҒЫ ӘСЕРЛЕР ТУРАЛЫ ҚЫСҚЫ ЖАЗБАЛАР (І, ІІ тарау)

18.04.2020

Мамай Ақордаға барады

28.07.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!