Ертең Ермұрат Бәпидің соты өтеді

Malim Админ

  • 15.11.2020

Дүйсенбіде сағат 10.00-де Алматы қаласында белгілі журналист, қайраткер Ермұрат Бәпиге қатысты сот өтпек.

«Бүгін (14 қараша-ред.) сағат 10.00-де ағамның үйінің алдында соңымнан қуып келген полицейлер ұстап алды. Олардың айыптауынша,  митингіні заңсыз ұйымдастырыптым, әкімшілік іс қозғалыпты.  Хаттама толтырып, істі сотқа жіберді. Сот отырысы дүйсенбі күні сағат 10.00-де өтетінін айтты, шақыртуды қолыма ұстатты», -депті Е.Бәпи  КазТАГ агенттігіне.

Сондай-ақ, Ермұрат Бәпи заңсыз митингке емес, белсенді Дулат Ағаділдің қаза тапқан ұлының жаназасына қатысқанын айтыпты.

«Ешқандай митинг болған жоқ. Жұма күні, Дулат Ағаділдің ұлының жерлеуінде Алматыда бір топ белсенді онлайн-жаназада тұрды. Бір күн бұрын Алматы қалалық әкімдігіне құлаққағыс жасап, сағат 11-де бір топ белсенді онлайнда жаназаға қатысатынын айттық. Маған түсініктеме жаздырғылары келді. Алайда, ешқандай заң бұзғам жоқ, түсініктеме жазбаймын дедім»,-деп түсіндіріпті Е.Бәпи.