freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

290 млн теңге салықтан жалтарған күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

Құқық
290 млн теңге салықтан жалтарған күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды
Видеодан скрин

Қазақстанның Бас прокуратурасы аса ірі мөлшерде салықтөлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

Тергеу барысында күдікті 2022-2023 жылдары коммерциялық ұйымның директоры болып, кірістер декларациясына бұрмаланған деректерді енгізу арқылы 290 миллион теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарғаны анықталды.

Осы қылмысты жасағаннан кейін ол қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

2026 жылғы қаңтарда ол Краснодар қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды, - деп хабарлады Бас прокуратура.

Оған тағылған қылмыс үшін белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу