freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

583 млн теңге жымқырған. Түркістан білім бөлімі қызметкерлері сотталды

Құқық
583 млн теңге жымқырған. Түркістан білім бөлімі қызметкерлері сотталды
Kazinform

Түркістан облысы Байдібек аудандық білім бөлімі қызметкерлеріне бюджет қаржысын жымқыру бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті жүргізген.

Іс материалдарына сәйкес, басшылар, бухгалтерлер мен экономистерді қоса алғанда 18 лауазымды тұлға жалақы және өзге де төлемдерге арналған бюджеттік өтінімдерді негізсіз ұлғайту арқылы ауданның 49 жалпы білім беретін мектебінің қаражатын иемденген.

Бухгалтерия қызметкерлері электрондық жүйелерге әдейі жалған мәліметтер енгізіп отырған. Төлем ведомостары мен есеп парақтарына іс жүзінде жұмыс істемеген адамдар тіркелген немесе жалақы мен үстемеақылар көлемі негізсіз көбейтілген.

Операцияларға заңды сипат беру үшін қызметтік жазбалар, бұйрықтар, есеп ведомостары мен жұмыс уақыты табельдері сияқты жалған құжаттар пайдаланылған. Құжаттардың бір бөлігі төлемдер жүргізілгеннен кейін кері күнмен рәсімделген немесе есепті сәйкестендіру мақсатында түзетілген.

Қаражат жалған тұлғалардың, оның ішінде туыстары мен таныстарының банктік шоттарына аударылып, кейін алдын ала келісілген үлестер бойынша қатысушылар арасында бөлінген, - делінген ақпаратта.

Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 583 млн теңгеден асқан.

Тергеу барысында күдіктілер келтірілген шығынды толық өтеген.

Сот үкімімен 14 адам 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Тағы 4 адамға қатысты іс рақымшылыққа байланысты тоқтатылды.Үкім күшіне енді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу