Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әйгерім Ағылтаева Қорғаныс министрінің кеңесшісі болды

Оқиға
Әйгерім Ағылтаева Қорғаныс министрінің кеңесшісі болды
Қорғаныс министрлігі

Әйгерім Ағылтаева Қорғаныс министрінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі – ресми өкіл болып тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Әйгерім Ағылтаева журналистика саласындағы кәсіби білімін Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде және КИМЭП университетінде (магистратура) алған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, саясаттану ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленген.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Нью-Йорк киноакадемиясында «Продюсерлік» мамандығы бойынша білім алып, АҚШ-тағы Джорджия университетінде мультимедиалық журналистика бағытында тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын КТК телеарнасында тілші болып бастаған. Әр жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясында тележүргізуші және редактор, продюсер, «31 арнада» бағдарламалық менеджер, «Алматы» телеарнасының бас редакторы - департамент директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің модераторы, «Жетісу» телеарнасы бас директорының орынбасары, сондай-ақ Жетісу облысы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы – баспасөз қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу