457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Оңтүстік Кореяның жаңа президенті сайланды

Билік басындағы «Халық күші» партиясынан президенттікке кандидат Ким Мун Су Демократиялық партия атынан түскен Ли Чжэ Менді сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

«Оңтүстік Корея бетпе-бет келген дағдарысқа қарамастан, халқының күшінің арқасында алға жылжуын жалғастырып келеді. Сайланған үміткер Ли Чжэ Мен, сізді жеңісіңізбен құттықтаймын», – деді Ким Мун Су.

Ол сондай-ақ сайлауда өзіне дауыс берген азаматтарға алғысын білдірді.

Дауыс берудің шамамен 85 пайызы есептелгеннен кейінгі алдын ала мәліметтерге сәйкес, Ли Чжэ Мен 48%, ал Ким Мун Су 43% дауыс жинаған.

Бұған дейін Демократиялық партияның кандидаты сайлау қорытындылары расталса, ел азаматтарына қабылдаған шешімдері үшін алғыс білдіретінін мәлімдеген болатын.

Еске салайық, бұл сайлау Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльге импичмент жариялануына байланысты өтіп отыр. 2024 жылғы желтоқсанда парламент оны биліктен шеттеткен. Бұған экс-президенттің саяси қарсыластарына қарсы әскери төтенше жағдай енгізбек болған әрекеті себеп болған.

2025 жылғы сәуірде Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты импичментті қолдады. Осыдан кейін ел үкіметі президент сайлауын 3 маусымға белгіледі.

Фото: ЕРА