Шекара туралы құжат: Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері кездесті

Тәжікстанның Хожант қаласында Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан президенттері Садыр Жапаров, Шавкат Мирзияев және Эмомали Рахмон кездесті

Сұлу Бөлек

  • 31.03.2025

31 наурызда Тәжікстанның Хожант қаласында Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан президенттері Садыр Жапаров, Шавкат Мирзияев және Эмомали Рахмон кездесті. Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі – үш елдің шекарасы түйісетін жер туралы келісімге қол қойылмақ, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Азаттықтың Тәжік қызметі – Озоди радиосына сілтеме жасап. 

Бұған қоса үш елдің басшылары Наурыз халықаралық мерекесіне арналған салтанатты іс-шараларға қатысады. Тәжікстанның Соғды облысының шекаралық аймағында өтетін бұл мерекелік іс-шаралар ынтымақтастық пен тату көршілер қарым-қатынасын бейнелейді.

Қырғызстан президенті биыл наурыз айының ортасында қырғыз-тәжік шекарасы ашылғаннан кейін Тәжікстанға алғаш рет сапармен барып отыр. 31 наурыз таңертең Жапаров пен Рахмон екіжақты келіссөз барысында су ресурстарына қол жеткізу және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру туралы келісімдерге қол қойды.

Сонымен қатар, екі тарап 12 наурызда Рахмоновтың Бішкекке сапары кезінде қол қойылған мемлекеттік шекара туралы тарихи келісімнің ратификациялық грамоталарды алмасты.

Бүгінгі кездесу кезінде CASA-1000 энергия жобасы аясында салынған, қуаты 500 кВ "Датқа – Соғды" электр тасымалдау желісін онлайн режимде іске қосу рәсімі өтті. Бұл жоба аймақтың энергия қауіпсіздігі мен экспорттық әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Ортақ шекарасы 1000 шақырымнан асатын Қырғызстан мен Тәжікстан арасында шекара бойындағы жер дауы талай жылдан бері шешімін таппаған аса түйткілді мәселе болатын. 2021 және 2022 жылдары шекара маңындағы жер дауынан шыққан қақтығыстарда қос тараптан да ондаған адам қаза тауып, жағдай қатты шиеленісіп кеткен еді. Содан бергі кезеңде екі елдің үкіметтері бұл мәселені келіссөздер мен келісім арқылы шешіп, тиісті құжаттарға қол қойған.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Қырғызстан мен Тәжікстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

08.05.2025

Алматыдан 544 шақырым қашықтықта жер сілкінді

06.05.2025

Қазақстан мен Вьетнам басшылары не туралы сөйлесті?

06.05.2025

Алматы облысында жер сілкінді

01.05.2025
MalimBlocks
Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Қырғызстан мен Тәжікстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

Бішкектегі парадқа 3 мың әскери қызметкер, ал Душанбеде 4,5 мың адам қатысып жатыр

Алматыдан 544 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Қазақстан мен Вьетнам басшылары не туралы сөйлесті?

Алматы облысында жер сілкінді