Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда алғашқы мопед тіркелді

Құқық
Алматыда алғашқы мопед тіркелді

Алматыда мопедті алғашқы тіркеу жұмыстары табысты аяқталды. Жас алматылық өз көлігінің техникалық төлқұжатын және мемлекеттік тіркеу нөмірін алды, деп хабарлайды Malim.kz.

2024 жылы «Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілген түзетулердің негізгі мақсаты – мопедтерді пайдалануды реттеу. Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып табылады және оларға барлық заң талаптары қолданылады.

2024 жылдың 11 қаңтарынан бастап пилоттық жоба аясында мопедтерді тіркеуге рұқсат беретін ережелер күшіне енді. Ішкі істер министрлігі тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізімін әзірледі, ал мопедтің жақтауында сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда да тіркеу оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылады, деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев.

Айта кетейік, биыл сәуірден бастап «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекске мопед жүргізушілерінің жауапкершілігіне қатысты түзетулер енгізіледі. Олар А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуы тиіс және басқа да жол қозғалысы қатысушылары сияқты заңды жауапкершілікке тартылады.

Фото: polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу