freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбе облысында қауіпті той кортежіне қатысқандар жауапқа тартылды

Құқық
Ақтөбе облысында қауіпті той кортежіне қатысқандар жауапқа тартылды
Видеодан скрин

Ақтөбе облысында қауіпті той кортежіне қатысқандар жауапқа тартылды. Бұл туралы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап  Malim.kz хабарлайды. 

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде полиция қызметкерлері той кортежі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын анықтаған.

Көлік қозғалысы кезінде жолаушылар терезеден денесін шығарған, жүргізушілер телефон пайдаланған және қауіпсіздік белдігін тақпаған.

"Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Видеоны зерделеу барысында Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кортежге қатысқан көлік жүргізушілері мен жолаушыларды анықтады", - деп жазылған хабарламада.

Олардың барлығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Көліктердің бірі арнайы тұраққа қойылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу