freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде құрылыс компаниясы үлескерлерді 2,5 млрд теңгеге алдап кеткен

Құқық •
Ақтөбеде құрылыс компаниясы үлескерлерді 2,5 млрд теңгеге алдап кеткен

Ақтөбе облысы прокуратурасының үйлестіруімен үлескерлердің ақшасын жымқыру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі терге-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019-2023 жылдар аралығында «Safina» тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А., Ақтөбе қаласының 12-ші ықшам және «Алтын Орда» аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд. теңге қаражатын иемденген, - делінген хабарламада.

ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігімен (алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу)қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі терге-тексеру аяқталды.

Тергеу барысы облыс прокуроры Х. Дәуешовтің жеке бақылауында болды.

Биыл 25 сәуірде Ақтөбе қаласының прокуратурасы екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе қаласының №2 сотына жолдады.

Фото: Ақтөбе облысының прокуратурасы

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу