Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әскерде тағы төтенше оқиға. Әскери өзі кінәлі дейді

Оқиға
Әскерде тағы төтенше оқиға. Әскери өзі кінәлі дейді
ФОТО: © gov.kz

Алматы облысында өткен оқу-жаттығулар кезінде Ұлттық ұланның мерзімді әскери қызметшісі оқ жарақатын алды. Оқиға 13 қаңтар күні 5571 әскери бөлімі полигонында болған. Бұл туралы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы хабарлады, деп жазады ZTB News.

Алдын ала деректер бойынша, жоспарлы атыс барысында әскери қызметші қауіпсіздік техникасы талаптарын бұзған. Соның салдарынан ол АК-74 автоматының оғымен өзінің сол аяғын атып алған.

Зардап шеккен сарбазға дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, шұғыл түрде Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда, өміріне қауіп жоқ: өмірлік маңызды мүшелері зақымданбаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Факт бойынша қызметтік тергеу тағайындалды.


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу