freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада мектеп бухгалтерлері 130 млн теңге жымқырған

Құқық •
Астанада мектеп бухгалтерлері 130 млн теңге жымқырған

Астанада мектеп есепшілері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Елорда прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылған. Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн. теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады, - делінген қала прокуратурасының хабарламасында.

Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Фото: Shutterstock

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу