Қазақстандық балалардың ата-аналары өткен жылы балабақша үшін 100,55 млрд теңге төлеген, деп хабарлайды Malim.kz желілік БАҚ-тарға сілтеме жасап.
Сондай-ақ қазақстандықтар бастауыш мектепке 2,24 млрд теңге және орта білімге 13,23 млрд теңге жұмсаған. Бұған қоса, халықтан оқуға төлем 235,13 млрд теңгені құрады.
Бұл саладағы жалпы кірістер 6 294,94 млрд теңге, ал шығындар 6 081,53 млрд теңге болды.
Кіріс бойынша көш бастап тұрған өңірлер:
Алматы – 846,08 млрд теңге
Астана – 685,07 млрд теңге
Түркістан облысы – 662,8 млрд теңге
Фото: edunews.kz