Тамыз саммитінде қандай мәселелер көтерілді?

Педагогтердің қоғамдағы рөлін күшейтуге ерекше назар аударылады

Malim Админ

  • 21.08.2024

Педагогтердің тамыз Саммитінің аясында ҚР Оқу-ағарту министрі еліміздің 20 өңірінің әкімдерінің орынбасарларымен кездесті. Кездесуде білім беру саласын дамытудағы негізгі міндеттер мен басымдықтар талқыланды.


Ғани Бейсембаев білім беру еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтарының бірі ретінде  қолдауға ие екенін атап өтті. 

Білім беру инфрақұрылымдарын жаңғырту бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылуда, оның ішінде жаңа мектептер салу, заманауи кабинеттермен жабдықтау, білім беру ұйымдарын реновациялау жұмыстары жүргізілуде.

«Білім берудегі басты міндеттердің бірі оның сапасын арттыру болып табылады. Бірінші рет заң жүзінде «білім сапасы» ұғымы бекітіліп, Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің үлгісі қалыптастырылды. Алайда, білім беру ісіндегі басты тұлға – педагог болып қала береді және тұтас қоғамның болашағының табыстылығы оның кәсібилігімен тығыз байланысты. Педагогтердің жұмыс жасауы үшін жайлы орта қалыптастыру маңызды, ол үшін өңірлер жергілікті жерлерде заңдардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі керек. Әсіресе, жаңашылдығы мен шығармашылығы білім сапасын жақсартуға, балаларымыздың дамуына ықпал еткен педагогтерді қолдауға көңіл бөлу керек», - деп атап өтті министр.

Ғани Бейсембаев педагогтердің қоғамдағы рөлін күшейтуге ерекше назар аударып, педагогтерге барынша қолдау көрсетуді тапсырды. Бұл - ұстаздардың жұмыс жағдайын жақсарту, біліктіліктерін арттыру және балаға сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі басты тұлға ретінде бағалау.

 Сондай-ақ ведомство басшысы өткен оқу жылынан бастап оқу процесіне енгізілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» тоқталып өтті. Биылғы оқу жылында бағдарлама қайта жаңартылып, әділетті мемлекет, жауапты азамат және прогрессивті ұлт құндылықтарымен толықтырылды. 

Сонымен қатар өңірлерде «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы, балалардың құқықтарын қорғау, білім сапасын арттыру, мектептердің ата-аналармен ынтымақтастығы бойынша жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Байланысты жаналықтар

Президент Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады

13.09.2024

Министр Бейсембаев оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу дауына қатысты пікір білдірді

21.08.2024

Биыл елімізде 186 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді

24.05.2024

Челлендж: 2 миллионға жуық бала бір уақытта күй орындады

20.03.2024

1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары тегін тамақ ішеді

23.06.2023
MalimBlocks
Президент Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады

Тоқаев министрге бірқатар тапсырма берді

Министр Бейсембаев оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу дауына қатысты пікір білдірді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда облысында кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісіне қатысты пікір білдірді.

Биыл елімізде 186 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді

Сондай-ақ 150 мыңнан астам колледж бітіруші диплом иеленіп, толыққанды маман болады.

Челлендж: 2 миллионға жуық бала бір уақытта күй орындады

Ең кішкентай қатысушылар - Семей қаласындағы «Бақыт» балабақшасының тәрбиеленушілері.

1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары тегін тамақ ішеді

Бүгін президент Қ. Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады.