Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бишімбаев сотына журналистер қайтадан кіретін болды

Құқық
Бишімбаев сотына журналистер қайтадан кіретін болды

Бұл туралы сот шешімі 22 сәуірде қабылданды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін сот процесін бақылаған жекелеген БАҚ өкілдері алқабилердің видеосын таратқан. Осыдан кейін тілшілерге сотқа қатысуға тыйым салынған еді. 

Судья Айжан Құлбаева заңсыздыққа жол берген КТК арнасының тілшілеріне «әкімшілік жаза қолданылғанын» айтты.   

Судьяның журналистерді сот залына қайта кіргізу туралы ұсынысан айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары қарсы шықты. 

Тараптарды тыңдаған судья журналистер сотқа қатыса алатыны туралы шешім шығарды. Оның ішінде КТК арнасының тілшілері де бар. Заң бойынша БАҚ өкілдері алқа билерді фото-видеоға түсіруге тыйым салынады.

Фото: Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу