Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Биыл 13 мың шымкенттік қоғамдық орынды ластағаны үшін жауапқа тартылған

Құқық
Биыл 13 мың шымкенттік қоғамдық орынды ластағаны үшін жауапқа тартылған

Биыл Шымкентте ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін 13 мыңға жуық тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Polisia.kz жазуынша, бұл бағытта полицейлер жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың ластануына байланысты құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында ұдайы түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізеді. Тәртіп сақшылары белгіленбеген жерлерде қоқыс тастау жайттарын жедел басқару орталығының камераларының көмегімен де анықтайды.

Жыл басынан бері Шымкентте осындай құқықбұзушылық жасағаны үшін 13 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Айта кетейік, ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау заңнамаға сәйкес 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалған болса, құқық бұзушыға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу