freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бухгалтер мекеменің 118 миллион теңгесін бәске тігіп жіберіпті

Құқық
Бухгалтер мекеменің 118 миллион теңгесін бәске тігіп жіберіпті
ФОТО: © fakeoff.org

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы мемлекеттік кәсіпорындардың бірінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, лудоманияға шалдыққан кәсіпорынның бухгалтері компания қаражатын заңсыз пайдаланып, оларды «1XBet» букмекерлік кеңсесінде бәске тіккен. Сондай-ақ ұрланған ақшаға жаңа автокөлік сатып алған.

Мемлекетке келтірілген жалпы залал 118 миллион теңгені құрады.

Бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде заңсыз иемдену фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізуде.

Сот санкциясымен күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр, автокөлікке тыйым салынды.

Аталған жағдай ойынға тәуелділіктің мемлекет мүдделеріне елеулі зиян келтіретін ұрлық және өзге де қылмыстарға алып келуі мүмкін екенін көрсетеді.

Еске сала кетсек, 2025 жылы Батыс Қазақстан облысында прокуратура органдарының қадағалау актісі негізінде букмекерлік кеңселерде бәс тігуге қатысқаны үшін түрлі мемлекеттік органдардың 16 қызметкері жұмыстан босатылған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу