freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ербаян Мұхтардың өліміне байланысты кім жазаға тартылады?

Құқық
Ербаян Мұхтардың өліміне байланысты кім жазаға тартылады?
Видеодан скрин

Қорғаныс министрінің қару-жарақ және әскери техника жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Ербаян Мұхтардың өлімінен кейін заң алдында кім жауапкершілікке тартылатыны жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сенат кулуарында журналистер сұрағына жауап бере отырып, алдымен ол әскери қызметшінің ата-анасына, бауырларына, туыстарына және командирлеріне Қорғаныс министрлігінің атынан көңіл айтты.

— Кім жазаланады дегенге келсек, ол туралы қылмыстық іс қозғалған. Соның шешімі бойынша жазаланады және тәртіптік жазаларды Ұлттық ұланның басшылығы қолданады. Тексеріс жүргізу Ішкі істер министрлігінің құзіретінде. Қорғаныс министрлігі бұл жайында тексеріс жүргізіп жатқан жоқ. Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігінен бөлек, әскери прокуратура т. б. органдар тексеріп жатыр. Басында емдеген кезде көмегімізді бердік. Кейін отбасымен байланыста болдық. Осы уақытқа дейін Қорғаныс министрлігі қолдан келген барлық көмекті көрсетті. Менің ойымша, Ұлттық ұланның басқармасы жерлеу рәсіміне қатысады, — деді Шайх-Хасан Жазықбаев.

Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын әскерде соққы алған Ербаян Мұхтар көз жұмған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу