freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Құқық
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Видеодан скриншот

Қазақстанда ұрланған ұялы телефондарды сатып алу мен қайта сату қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері ұялы телефон ұрлығы 40 пайызға төмендеген. Осы кезеңде полицейлер 900-ден астам қылмысты ашып, ұрланған құрылғыларды заңды иелеріне қайтарған. Сондай-ақ 700-ден астам адам жауапкершілікке тартылып, ұялы телефон ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылған.

Құқық қорғау органдары ұрланған техниканың заңсыз айналымына ерекше назар аударып отыр. Мәселен, Алматыда бұрын сотталған азамат ұсталып, одан 30-дан астам ұрланған ұялы телефон тәркіленген.

ІІМ азаматтарды күмәнді жағдайда сатылып жатқан құрылғыларды сатып алмауға шақырып, мұндай әрекеттердің қылмыстық салдары болуы мүмкін екенін еске салды. Сонымен қатар тұрғындарға қоғамдық орындарда және қоғамдық көлікте жеке мүлкіне мұқият болу ұсынылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу