freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Келесі жылдан бастап Ұлттық біріңғай тестілеу тек бір рет өткізіледі

Білім-ғылым
Келесі жылдан бастап Ұлттық біріңғай тестілеу тек бір рет өткізіледі
Gov.kz

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда енді жоғары оқу орнына түсуге арналған Ұлттық біріңғай тестілеу тек бір рет өткізілетінін мәлімдеді. 

Министрдің сөзінше, бүгінде әлем елдері білім беруді жаңартып, цифрлық жүйелер мен жаңа әдістерді енгізіп жатыр. Сол арқылы балалардың қабілетін ерте анықтап, оларды болашақта қажет мамандықтарға жақсырақ дайындауға мүмкіндік бар.

“Бұл – кезекті реформа емес, сапалы жаңа кезеңге көшу. Көпжылдық тәжірибе ҰБТ жүйесі жоғары оқу орындарына түсу кезінде ашықтықты, қолжетімділікті және бірыңғай талаптарды қамтамасыз ететін тиімді құрал екенін көрсетті. Алайда әр заманның өз талабы бар. Уақыт өте келе білім берудегі трендтер, еңбек нарығы, құзыреттер мен ережелер өзгеріп жатыр.

Біз білім саласында кеткен кемшіліктерді анықтап, оларды түзетуіміз қажет. Атап айтсақ, ҰБТ-ны бірнеше рет тапсыру жүйесі талапкерлерді сапалы іріктеу мәселесін толық шешпейді”, – деді ол.

Балаева осы тұста елімізде жоғары оқу орындарының көпшілігі білімді, дарынды жастарды өздері еркін іріктей алмайтынын алға тартты. Айтуынша, бұл мәселе әсіресе педагогикалық жоғары оқу орындарына көбірек қатысты. 

Осыған байланысты министр бірқатар шаралар қабылданатынын мәлімдеді:

Педагогикалық жоғары оқу орындарына талапкерлерді қабылдағанда тестілеу мен арнайы емтихандарды бірге қолданатын аралас жүйе енгізу. Бұл кезде тек пәндік білім ғана емес, сонымен қатар ойлау қабілеті, талдай білуі, оқуға дайындығы сияқты маңызды дағдылар да ескеріледі.

“Өйткені "педагог" – жай ғана мамандық емес. Бұл – балалармен жұмыс істейтін, үлкен жауапкершілік жүгін арқалаған тұлға. Сондықтан бұл мамандық үшін біліммен қатар, сыныппен жұмыс істеу, оқушылардың ерекше қабілеттерін анықтай білу аса маңызды.

Келесі жылдан бастап педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде ҰБТ-мен қатар ауызша емтихандардың нәтижелері де ескерілмек. Бұл емтихандарда талапкерлердің сыни ойлау қабілеті мен коммуникациялық дағдылары негізгі критерий болады. Сондай-ақ бұл мәселеде халықаралық сарапшылармен бірлесіп әзірленіп жатқан жаңа Admissions Insight Test тапсырмаларына ерекше мән беріледі”, – деді министр. 

ҰБТ-ны тұтастай жаңғыртылып, тек бір рет тапсыратындай бекітіледі. Бұл грант конкурсына қатысу үшін объективті әрі ең басты баға ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар білім деңгейін өзін-өзі бағалау және дайындық әдістерін уақытылы түзету үшін сынақ тестілеу жүйесі сақталады.

Жоғары оқу орындарына дайындық бағдарламалары (Foundation) арқылы шартты түрде қабылдау жүйесінен бас тарту қажет.

Соңғы көрсеткіштер бойынша шартты түрде қабылданған студенттердің шамамен 50-60 пайызы оқу жылы ішінде ең төменгі шекті баллды жинай алмайды. Сондықтан талапкерлердің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауы аса маңызды.

“Құрметті достар! ҰБТ жүйесін өзгерту – тестілеуден бас тарту емес екенін тағы да атап өткім келеді. Бұл – дарынды талапкерлерді анықтауға, әділ іріктеуге бағытталған маңызды қадам. Сондықтан ұсынылып отырған өзгерістер білім беру сапасын арттыруға және елдің ұзақ мерзімді дамуына берік негіз болады деп сенемін”, – деп қорытты Балаева. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу