Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көкшетау полицейлері есірткі жасырушыдан 185 бума тәркілеген (ВИДЕО)

Құқық
Көкшетау полицейлері есірткі жасырушыдан 185 бума тәркілеген (ВИДЕО)

Көкшетау полицейлері есірткі жасырушыдан 185 бума «синтетика» тәркіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Polsia.kz жазуынша, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында синтетикалық есірткі жасырушыны ұстап алды. Жеке тінту кезінде жедел қызметкерлер синтетикалық препарат болып табылатын «a-PvP» психотроптық заты бар 185 полиэтилен пакетін тауып, тәркіледі.

Жүргізілген сараптама тыйым салынған заттың салмағы 207 грамм екенін көрсетті, бұл өте үлкен мөлшерге жатады. Сондай-ақ, 28 жастағы есірткі жасырушы Көкшетауға Петропавл қаласынан есірткілерді тарату үшін арнайы келгені белгілі болған.

Қазір есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Ал жасырушының өзі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Фото: бейнежазбадан скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу