Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көлікке Ту іліп жүргендер жазалана ма? Мәдениет министрлігі жауап берді

Құқық
Көлікке Ту іліп жүргендер жазалана ма? Мәдениет министрлігі жауап берді
ШҚО әкімдігі

Тәуелсіздік күнін мерекелеу барысында әлеуметтік желілерде елдің мемлекеттік туын автокөліктерде пайдалану мәселесі кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Атап айтқанда, автокөлік сыртына мемлекеттік туды ілген азаматтарды жол-патрульдік полиция қызметкерлері түрлі себептермен тоқтатқаны жөнінде ақпараттар жарияланды.

Айта кетейік, мемлекеттік туды көлікке орналастырған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. 

Ішкі істер министрлігі мен аймақтық полиция департаменттерінің түсіндіруінше, 16 желтоқсанда көлік жүргізушілері тек жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда ғана тоқтатылған.

— Мемлекеттік рәміздерді қолданудың заңмен белгіленген ережелері бар. Мәдениет және ақпарат министрлігі олардың дұрыс қолдану тәртібін қадағалайды. Біз азаматтардың патриоттық сезімін білдіру, қазақстандық бірегейлікті сақтау, ел мен азаматтардың жетістіктерін насихаттау мақсатында мемлекеттік рәміздерді пайдалануды қолдаймыз, бірақ ол қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асуы тиіс, — делінген министрлік хабарламасында.

Қазақстанда «Заң және тәртіп» қағидасы түрлі жағдайлар мен азаматтық белсенділікке қарамастан, барлығына бірдей. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу