Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Күйеу жігіт қалыңдығының өзінен 25 жасқа үлкен екенін той алдында білген

Әлем
Күйеу жігіт қалыңдығының өзінен 25 жасқа үлкен екенін той алдында білген

Бұған Жапониядағы жұп дәлел болса керек. 40 жастағы жапониялық ер азамат қалыңдығының өзінен 25 жасқа үлкен екенін үйлену тойы алдында ғана білген, деп хабарлайды Malim.kz.

Еситака есімді ер адам сүйіктісімен жеті жылға созылған таныстығында оның өзінен әлдеқайда үлкен екенін байқамаған. South China Morning Post басылымының мәліметінше, жұп Еситаки ажырасқан соң танысқан. Ал Аки ол кезде көңіл көтеру орнының басшысы болған.

Осы уақыт аралығында әйел сүйіктісіне жасы анағұрлым үлкен екенін аңғартқысы келіп, төлқұжатын, сақтандыру картасын көрінетін жерге тастап кетіп отырған. Дегенмен Еситака мән бермеген.

Үйленер алдында Аки жасын өзі айтқан. Бірақ бұл күйеу жігітті тоқтатпапты. Екеуі некесін қидырып, саяхатқа аттанған.

Фото: Instagram/yoshitaka_222

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу