457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Аношина ісі: Александр Беловичке байланысты жалған ақпарат тараған ба?

«Bazis-A» құрылыс компаниясының негізін қалаушы Александр Беловичпен байланысты Игорь Федурин аккаунты оған бағытталған жалған ақпараттар тарап жатқанына байланысты, қоғам мен БАҚ үшін маңызды жайттарды түсіндіруді шешкен,- деп хабарлайды Malim.kz. 


Жазбада Алматы қаласында қашып кеткен кәсіпкер Лилия Аношинаға қатысты жаңа эпизод белгілі болғаны айтылған. Оның қызы, Австрия азаматшасы Лара Эртль, Алматы қалалық полициясына шағымданып, өзіне қоқан-лоқы көрсетілген деген аудиожазбаны ұсынды делінген. 

Эртльдің уәждерін тексеру мақсатында Бостандық аудандық ПБ-де мүмкін болатын қоқан-лоқылар бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Айта кету керек, Қазақстанда Лилия Аношинаға қатысты алаяқтық пен бопсалау фактілері бойынша тергеу жүріп жатыр. Ол сырттай айыпталып, халықаралық іздеуде жүр. Осы арқылы жасаған қылмыстары үшін жазадан жалтаруға тырысуда. Аталған істер бойынша зардап шеккендердің бірі - менің сенім білдірушім, кәсіпкер Александр Белович",-дейді ол. 

Жазбаға сенсек, бопсалау арқылы ақша талап ету бойынша жазаның болмай қоймайтынын түсінген Аношина мен оның айналасындағы адамдар жалған ақпарат пен нейрожелі арқылы жасалған фальсификацияларды таратуға көшкен. Осындай ашық фейктің бірі Аношинаның қызы әлеуметтік желілер мен БАҚ-та таратқан аудиожазба.

"Бұл жазбада менің қорғауымдағы адамның дауысы қолдан жасалған.

Аудиожазбаның фальсификацияланғанын айқын дәлелдейтін жайт кәсіби аудиомонтаж сайтынан алынған шу эффектісі әңгіменің үстіне қолдан жапсырылған. Бұл фактіні Лара Эртльдің өзі растады.

Менің пікірімше, бұл арандатудың басты мақсаты — менің қорғауымдағы азаматтан ірі көлемде ақша бопсалау. Бұл әрекет бір жыл бұрын Аношинаның өзінің lianoshina@proton.me поштасынан жіберілген қорқыту хаттарымен және ірі сомада ақша талап етуімен тікелей байланысты.

Айта кету керек, бұл жағдай Монако сотының жуырдағы шешімінің аясында өршіп отыр. Аталған сотта Лилия Аношина мен Лара Эртль иелік ететін компания бірнеше жыл бұрын кәсіпкерден алынған қарызды қайтармау мақсатында «қарыздан бас тарту» туралы жалған құжат ұсынғаны анықталды. Бұл құжаттағы Александр Беловичтің қолы сарапшылар тарапынан қолдан жасалған деп танылды. Енді сот шешіміне сәйкес, Аношина мен Эртль менің сенім білдірушіме қарыз сомасын қайтаруы тиіс.

Осы айтылған жайттарды ескере отырып, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарын менің қорғауымдағы азаматтың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жала мен жалған ақпарат таратпауға шақырамын.

Тек ресми құжаттар мен құқық қорғау және сот органдарының шешімдеріне сүйеніп, жағдайға объективті баға беруді сұраймын",-дейді аккаунт иесі.  

Фото: kursiv.media