Қостанайлық полицейлер «Иегова куәгерлерімен» соттасып жүр

«Діндарлар» соттардан жеңіліп, енді БҰҰ комитетіне шағымданған

Мәди Саматұлы

  • 27.10.2024

Қостанай облысының полицейлерінің ісін БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті қарайтын болды. HALYQSTAN телеграм-арнасының жазуынша, олар себебі «Иегова куәгерлері» қауымының құлшылық ету рәсімін 25 минутқа тоқтатқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға 2023 жылдың 1 қаңтарында болған. Қостанай қаласының «Христиан қауымы Иегова куәгерлері» деп аталатын тобының 12 мүшесі Қарабалық ауылындағы «Бершат» сауда орталығында жиналып, мерекелік кездесу мен құлшылық рәсімін өткізген. Алайда бұл жиналыс кейбір келушілерге ұнамай, «күдікті тұлғалар» жиналғаны туралы полицияға хабарлаған.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары Иегова куәгерлерінің құжаттарын тексеріп, адамдардан олардың жиналыс себебін сұрастырып, 25 минут ішінде тексеруді аяқтаған. Ешкімді ұстамастан, полицейлер оқиға орнынан кеткен.

Қауым мүшесі Эдуард Малыхин полицияның әрекеті құлшылық ету құқығын бұзып, жеке мәліметтерін қорғау құқығын шектеді деп санап, сотқа жүгінеді. Ол полиция әрекеттерін заңсыз деп тануды және полицейлер тіркеген қауым мүшелерінің жеке деректерін барлық деректер базасынан жоюды талап етеді.

2023 жылдың шілдесінде Қостанай облысының ауданаралық әкімшілік соты қауым мүшелерінің талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан. Иегова куәгерлері берілмей, бір жыл бойы сот шешімін апелляциялық және кассациялық тәртіпте шағымдануға тырысұанымен, нәтижесіз болды.

Тексеру жүргізу кезінде полиция қызметкерлері өкілеттіктер мен қолданыстағы заңнаманың талаптары шегінде әрекет етті, деп түсіндірген Жоғарғы Соттың сот алқасы өз қаулысында.

Соттардан еш нәтиже шықпаған соң, Иегова куәгерлерінің христиан қауымы жақында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіне алты шағым жолдаған. Оның нәтижесі қандай болары және Қазақстанның құқық қорғау органдарына әсер етер-етпесі белгісіз.

Айта кетейік, Иегова куәгерлерінің қызметі Қытай, Ресей және әлемнің көптеген елінде тыйым салынған.

Фото: kstnews.kz

Байланысты жаналықтар

Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлердің мәйіті табылды

02.12.2024

Күн райы. Синоптиктер ескерту жасайды

02.12.2024

БҚО-да бопсалау күдігімен студенттер тобы ұсталды (ВИДЕО)

30.11.2024

«Даму бала». 55 млн теңге жымқырған адам тергеліп жатыр

29.11.2024

Адам өліміне кінәлі «5:32» сериалының продюсері сотталды

29.11.2024

Перизат Қайрат ісіне блогерлердің қатысы бар ма? Қаржы мониторингі агенттігі

29.11.2024
MalimBlocks
Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлердің мәйіті табылды

Күдікті ретінде 56 жастағы әйел қамауға алынды

Күн райы. Синоптиктер ескерту жасайды

Бірнеше өңірде тұман түседі

БҚО-да бопсалау күдігімен студенттер тобы ұсталды (ВИДЕО)

Олар курстастарын бопсалады деп күдікке ілінген

«Даму бала». 55 млн теңге жымқырған адам тергеліп жатыр

Бірқатар заң бұзушылық анықталды

Адам өліміне кінәлі «5:32» сериалының продюсері сотталды

Салдарынан 16 адам жарақат алып, бір адам қаза тапты

Перизат Қайрат ісіне блогерлердің қатысы бар ма? Қаржы мониторингі агенттігі

Өйткені блогерлер, танымал адамдар видеолар түсіріп, қазақстандықтарды Перизат Қайрат бастаған қорға өз үлесін қосуға шақырған