Тоқаев әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Арман Қайыпхан

  • 13.02.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының азаматтарын 2025 жылдың наурыз — маусымында және қыркүйек — желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2025 жылдың наурыз — маусымында және қыркүйек — желтоқсанында ҚР Қарулы Күштері, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын. 
2. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан жиырма 27 жасқа дейінгі ер азаматтар 2025 жылдың наурыз — маусымында және қыркүйек — желтоқсанында ҚР Қарулы Күштеріне, ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын. 
3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2025 жылдың наурыз — маусымында және қыркүйек — желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін, — делінген Президент жарлығында.

ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі мерзімді әскери қызметті өткеру үшін ҚР Қарулы Күштеріне, ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді шығаруды қаржылай және материалдық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

Айта кетейік, осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Фото: Қорғаныс минстрлігі

Байланысты жаналықтар

Қазір еліміздің 158 азаматы Африка және Таяу Шығыс аймағында бітімгерлік қызметте жүр

14.04.2025

Қазақстан бітімгерлері Голан жоталарына аттанды

10.04.2025

Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады

10.04.2025

Зеленский: Украина әскерилері Қытай азаматтарын тұтқындады

08.04.2025

Тоқаев Өзбекстанға барды

04.04.2025

Биыл мыңдаған қазақстандық әскери жиынға шақырылады

02.04.2025
MalimBlocks
Қазір еліміздің 158 азаматы Африка және Таяу Шығыс аймағында бітімгерлік қызметте жүр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық бітімгерлік контингентінің әскери қызметшілерімен кездесті

Қазақстан бітімгерлері Голан жоталарына аттанды

Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады

Президенттің Жарлығымен бір топ ғалым мемлекеттік наградалармен марапатталды

Зеленский: Украина әскерилері Қытай азаматтарын тұтқындады

Тоқаев Өзбекстанға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға барды

Биыл мыңдаған қазақстандық әскери жиынға шақырылады