457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Журналист Мирболат Мырзатайұлын полиция ұстады

Алматы қаласында түнде журналист Мирболат Мырзатайұлын полиция қызметкерлері алып кетті, деп хабарлайды Malim.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.  


Азаттықтың мәліметінше, Мирболатты «терроризмге қарсы бөлім» өкілдері ұстаған. Туыстары оның соңғы рет 2 қыркүйек күні 16:30-дар шамасында Талғар қаласынан Алматы қаласына жолға шыққанын хабарлағанын айтты. Одан кейін ол хат-хабарсыз кеткен. Ал оның көлігі Талғар трассасындағы экопос тұрағынан табылған.

Алматы қалалық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Қасымбаев белсенділерге Мирболат Мырзатайұлының ұсталу себебін түсіндірді.

“[Мирболат Мырзатайұлы] Бишуиновқа қатысты ҚР 174-бабымен қылмыстық іс қозғалды” деді ол.

Айтуынша, екі күн ішінде тергеу соты оған бұлтартпас жазаны тағайындау мәселесін қарайды.

Фото: Мирболат Мырзатайұлының Facebook парақшасынан