freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мемлекеттік Рәміздерді қолданудың талап-қағидалары жаңғыртылды

Құқық
Мемлекеттік Рәміздерді қолданудың талап-қағидалары жаңғыртылды
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қоғамның игілігі жолында Ту, Әнұран, Елтаңба сынды құнды Рәміздеріміздің орны алабөтен. Оларды қолдану ережелері мен мәртебесі «ҚР мемлекеттік рәміздеpi туралы Заңмен бекітіліп, реттелгені мәлім.    

Азаматтар үшін қастерлі құндылықтарды аяқасты етпей, дұрыс қолдану  және құрметпен қарау аса маңызды міндеттің бірі. Осы орайда  Үкімет орынды шешім қабылдады, таяуда.  Көгілдір түсті байрағымыз бен құны алтыннан қымбат Елтаңбамызды сондай-ақ Мемлекеттік Гимн мәтінін игілікке жарату, орналастыру қaғидaлapын бекітетін Үкімет қаулысына толықтырулар енгізілді.

Жаңғырту қадамдарының басында терминологияны бірыңғай ету бар. Ендігәрі заңнама актілерінде «Гимн» атауы қолданылмайтын болды. Оның орнын «Әнұран» термині басты. Мемлекеттік Туды орналастырудың да өзіндік қағидалары реттелді. Бұған дейін әр түрлі келеңсіз жағдаяттар орын алғаны мәлім. Сондықтан, бұл өте орынды бастама болғаны айқын. Мәселен, бүгіннен бастап көк Туымызды ғимараттарға, оның ішінде самалдықтарға да 45 °C бұрышпен ілу қажеттілігі туындайды. Негізі бұл ғағидат алты жылдан бері заңнамада көзделген. Ал байрақты балконға орнату жолы осы уақытқа дейін нақтыланбаған болатын.

Төрімізден табылуға тиіс Мемлекеттің басты нышаны санатындағы Тудың қолданысына байланысты да талап-ережелер бір ізге түскенін айта кетелік. Айталық, жекелеген үйлерде байрақ жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орналасқаны абзал. Мекеменің архитектуралық өзгешелігіне орай Туды қасбетке орнату қиындық тудыруы кәдік.  Мұндай шақта оны ғимарат аймағындағы тұғырға қондырудың еш әбестігі жоқ.  

Қастерлі көк Туымыз топыраққа, еденге, суға немесе басқа да заттарға тиіп, бүлінбеуге тиіс. Егер де байрақ тіке қойылған кезде өрнегі матаның жоғарғы тұсында тұруы қажет.

Бұқараны көпшілік жиналатын сан алуан мәдени, қоғамдық шараларда пайдалануға бола ма деген сұрақ та мазалайтыны анық. Егер рәмізді қаржылық тұрғыдан, яғни коммерциялық мүддені көздемесеңіз сән-салтанатты жиындарда қолдануға ешқандай да шектеу жоқ.  Дегенмен, бір нәрсені жадымыздан шығармауымыз керек. Ту ұлттық стандартқа толық сәйкес болуға тиісті. Шет-шеті жұлынған, жыртылып қалған немесе кірлеп кеткен Туды пайдалануға мүлдем жол жоқ. 

Аспан түсті байрағымызды көлікте алып жүруге шектеу жасалмайды. Егер заңнама талабы түгелдей сақталса. Бағасы бөлек рәмізімізді қорлауға ешкімнің де құқы жоқ. Оны қоқысқа тастағандар, жыртып, отқа жаққандар қатаң жазаға тартылады.

Бұған дейін туды қоқыс тасуға қолданып, ерекше рәмізімізді аяқасты еткен азаматтар жазаланғаны есте. Туды кімде кім тұрмыстық мақсатқа, мәселен, үйіне перде қылып тұтса, астына төсеніш қылып жайса заң бойынша жазадан тыс қалмайтыны ескертіледі. 

Бүгінде ел атын шығарып жүрген спортшылардың киімдерінде ту элементтерін қолдануға болады. Осыған дейін біз олардың үстінен елтаңба бейнесін ғана байқайтын едік. Енді заң бойынша рұқсат беріліп отыр. Қазақстанның даңқын асқақтатқан азаматтарымыздың бойынан неге ту мен елтаңбамызды көрмеске?! Жарасымдылық деген сол болар. 

Ұлтымыз үшін ұстыны бөлек Рәміздер туралы жасалған толықтырулар ел азаматтарының Туға, Елтаңбаға, Әнұранымызға деген құрмет-ілтипатын одан сайын арттырып, талап-қағидарды мықтап ұстануға жол ашып отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу