freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Мені малшы қылып жіберейін дедіңіз бе?": Жанболат Ербатыровтың балдызы жездесі туралы "құпияны" айтты

Қоғам •
"Мені малшы қылып жіберейін дедіңіз бе?": Жанболат Ербатыровтың балдызы жездесі туралы "құпияны" айтты
Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ

Әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі Назира Байырбек жездесі, әнші Жанболат Ербатыровты туған күнімен ерекше құттықтады. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында жездесінің қамқорлығы мен отбасына деген ықыласын әзілмен еске алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Назираның айтуынша, Жанболат Ербатыров оған жаз бойы WhatsApp пен Instagram директ арқылы түрлі пайдалы ақпарат жіберіп отырған.

"Жаз бойы уатсап пен инстаграм дайректі арқылы маған Алматының айналасынан жер, үйдің құрылыс материалдары, одан соң үй фасады, кейін фермалар жайлы ақпарат жіберіп отырғаныңыз есіме түссе, күлкім келеді.

Үйге жөндеу жасап, үлкен мақсатпен ағаш үйлер салдырып жатқан едім ғой. Құрылыс материалын жібергеніңіз жөн енді. Бірақ неге аяқ жағы ферма, мал шаруашылығы жайлы болып кетті, а? Мені малшы қылып жіберейін деп пе едіңіз?" – деп жазды ол.

Назира Байырбек жездесінің балдыздарымен пайдалы ақпарат бөлісіп, үнемі ақыл-кеңесін айтып отыратынын да жеткізген.

"Жездем жалпы балдыздарымен пайдалы ақпарат бөлісіп тұрғанды жақсы көреді. Ойланып, ақыл-кеңес қосып отырады", – деді ол.

Сонымен қатар Назира әпкесі Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыровтың отбасылық қарым-қатынасына қатысты да әзіл аралас естелігін бөлісті.

"Бұрын Америкада жүргенде жездеме звондап, "жезде, Жазира әпкемді свиданиеге шақырып, романтикалық кештер ұйымдастырып тұрыңыз" деп сыбырлап қойғам.

Енді білмеймін, елге көрсетпей жасап жүрген шығар романтика. Ерлі-зайыптылардың арасында романтика үзілмегені дұрыс қой", – деп жазды Назира.

Жазба соңында ол Жанболат Ербатыровты туған күнімен құттықтап, жылы тілегін арнады.

"Ағасындай қамқор, әпкесін аялаған жақсы жездесі бар біз бақыттымыз ғой. Бар арманыңыз орындалсын! Шаңырақтарыңыз тек қуанышқа толсын, Жанболат жезде", – деп жазды Назира Байырбек.

Еске сала кетейік, Назира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты жазба жариялаған еді.

Жанболат Ербатыров кім?

Жанболат Ербатыров – қазақстандық эстрада әншісі, "Жанболат пен Жазира" дуэтінің мүшесі. Ол 1973 жылы Қызылорда облысының Арал қаласында дүниеге келген.

Өнер иесі көпшілікке жары Жазира Байырбековамен бірге орындаған әндері арқылы кеңінен танылды. Олардың шығармашылығында махаббат, отбасы, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық пен өмірлік құндылықтар тақырыбы жиі көрініс табады.

Жанболат пен Жазира Алматыдағы эстрада-цирк колледжінде оқып жүрген кезде танысқан. Кейін отбасын құрып, сахнада да бірге өнер көрсете бастады.  Жанболат Ербатыров кейін жеке орындаушы ретінде ғана емес, отбасылық дуэттің мүшесі ретінде қазақ эстрадасында өзіндік орын қалыптастырды. Жұбайы Жазира Байырбековамен бірге көптеген концерт пен телевизиялық жобаға қатысып келеді.

Жазира Байырбекова кім?

Жазира Сайлауқызы Байырбекова – қазақстандық эстрада әншісі, "Жанболат пен Жазира" дуэтінің мүшесі. Ол 1978 жылғы 30 қыркүйекте қазіргі Түркістан облысы аумағында дүниеге келген. Бірқатар өмірбаяндық деректе туған жері бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының Бөген ауылы маңындағы Пақташы елді мекені деп көрсетіледі.

Жазира Байырбекова бала кезінен әнге қызығып өскен. Өзі туралы материалдарда мектепке бармай тұрған кезінің өзінде әпкесінің сыныбындағы мерекелік шараларға қатысып, ән айтқаны баяндалады. Кейін кәсіби музыкалық білім алып, сахнадағы жолын жалғастырған.

Көпшілік оны жұбайы Жанболат Ербатыровпен бірге құрған дуэті арқылы жақсы таниды. Қос әншінің репертуарында отбасылық тақырыптағы, махаббат пен сыйластықты дәріптейтін шығармалар көп. Жазира Байырбекова жеке әнші ретінде де өнер көрсетіп, әлеуметтік желіде отбасы, бала тәрбиесі және шығармашылық өмірі туралы жиі ой бөлісіп келеді.

Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова ұзақ жылдар бойы сахнада да, отбасылық өмірде де бірге келе жатқан қазақстандық танымал өнерлі жұптардың бірі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу