freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Көңілдес іздеуден басқа мән таппаған": Байырбекова күйеуі туралы құпия шындықты ашып айтты

Қоғам
"Көңілдес іздеуден басқа мән таппаған": Байырбекова күйеуі туралы құпия шындықты ашып айтты
Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ

Әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі Назира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол неке адалдығы туралы ойын айтып, күйеуінің өзіне опасыздық жасағанын мәлімдеді.

"Өз құнын білетін, өзін өзі бағалайтын, шекарасы анық, отбасын, неке адалдығын құнды дүнием, бақытымның өзегі деп қарайтын әйелдер "изменаны" кешірмейді.

Олар 60, 70, 80 жаста болса да неке адалдығын бұзған адаммен бір шаңырақта тұрмайды. Олар ертең өлетін болып тұрса, ал бүгін сыңары көзіне шөп салса, бүгін ажырасады. Өмірінің соңғы күні болса да. Олар өзін ешкімнің қор қылуына жол бермейді.

Қош бол, көңілдес іздеуден басқа өмірден мән таба алмаған адам!" – деп жазды ол.

Назира Байырбекова жазбасында неке адалдығын өзі үшін басты құндылықтардың бірі санайтынын және мұндай жағдайды кешірмейтінін жеткізді.

Жазира Байырбекова да сіңлісінің бұл жазбасын өз парақшасында бөлісті.

Еске сала кетейік, Жазира Байырбекова өміріндегі маңызды өзгерісті көпшілікке жария еткен.

Жазира Байырбекова кім?

Жазира Байырбекова – қазақ эстрадасында өзіндік орны қалыптасқан танымал әншілердің бірі. Толық аты-жөні – Жазира Сайлауқызы Байырбекова. Ол 1978 жылғы 30 қыркүйекте қазіргі Түркістан облысының аумағында дүниеге келген.

Әнші бала кезінен өнерге қызығып, домбыра тартып, ән айтуға бейім болған. Мектепте оқып жүрген кезінде түрлі шығармашылық байқауларға қатысып, сахнаға ерте араласа бастаған.

Ашық деректерде Жазира Байырбекованың 1992 жылы, 14 жасында "Тамаша" ойын-сауық отауында өнер көрсеткені айтылады. Осы кезеңнен бастап оның есімі көрерменге кеңінен таныла түсті. Кейін Жазира Байырбекова әнші Жанболат Ербатыровпен шығармашылық дуэт құрды. Жанболат пен Жазира қазақ эстрадасындағы танымал жұптардың біріне айналып, олардың орындауындағы көптеген ән тыңдарман арасында кең тарады.

Әншінің шығармашылығында махаббат, отбасы, сағыныш, адалдық пен адамгершілік тақырыптары жиі қозғалады. Оның әндері ұлттық болмыс пен қазақы құндылықтарға жақындығымен ерекшеленеді. Жазира Байырбекова шығармашылығымен қатар әлеуметтік желіде де белсенді. Ол оқырмандарымен отбасы, өнер, жеке өмір және қоғамдағы түрлі мәселелерге қатысты ойларын бөлісіп отырады. Көпшілік әншіні қарапайымдылығы, ашық мінезі және отбасылық құндылықтарға ерекше мән беретіні үшін жақсы таниды.

Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыров ұзақ жылдар бойы әрі шығармашылықта, әрі отбасылық өмірде бірге келе жатқан өнер иелері. Олардың отбасы мен шығармашылығына қатысты жаңалықтар қоғам назарынан тыс қалмайды.

Бүгінде Жазира Байырбекова қазақ сахнасындағы тұрақты тыңдарманы бар танымал әншілердің бірі. Оның туындылары мерекелік кештерде, той-думандарда және түрлі мәдени шараларда жиі орындалады. Жалпы, Жазира Байырбекова – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған өнер иесі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу