Еліміздің бірнеше өңірінде жауын-шашын болмайды

Қазгидромет 9 қазан, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктер жоғары қысым өрісінің әсерінен елде біраз өңір жауын-шашынсыз болады деп болжады.
Тек солтүстік-шығыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында атмосфералық фронтальды бөлімдер өтіп, жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын болады.
Елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, батысында жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығысында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады.
Жетісу облысында 1-6 градус үсік жүреді. Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 1-3 градус аяз болады.
Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Атырау облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде де жоғары өрт қаупі болжанған. Мұндай метеорологиялық жағдай Жамбыл облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, Абай облысының оңтүстігінде күтіледі.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі болады.
Сондай-ақ Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болжанды.
Фото: pixabay.com