457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қауіпті ойындар шықты: министрлік ата-аналарға үндеу жасады

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті балалар ойындарына ерекше назар аударуға шақырып, ата-аналарға үндеу жасады. 


Соңғы кезде халықаралық және отандық бұқаралық ақпарат құралдарында бөтен адамдардың ойыншы кейпінде балалармен танысып, сеніміне кіріп, оларды жабық чатқа шақырып, заңға қайшы әрекеттерге итермелейтіні жөнінде алаңдатарлық деректер жарияланып жатыр. Комитет интернет кеңістігінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-ана негізгі қағида мен қауіпті белгілерді білуі тиіс екенін еске салады. Айта кетейік, ата-ана бақылауын орнату және баланың интернеттегі белсенділігін қадағалау, онлайн-қатерден қорғаудың сенімді жолы,- делінген хабарламада. 

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі: 

жеке мәліметпен (аты-жөні, мекенжай, телефон, отбасы жайлы мәлімет) бөліспегені жөн; 
Instagram, Telegram, TikTok, ВКонтакте секілді желідегі қауіпті топтар мен анонимді чаттарға кірмегені абзал; 
ата-анасы тексермеген күмәнді онлайн-ойындардан аулақ болу; 
Ата-ана баланың іс-әрекетін қалай бақылай алады?

ата-ана бақылауының параметрін пайдаланыңыз (Family Link – Android үшін, Screen Time – iOS үшін);
баланың әлеуметтік желідегі достары мен жазылымдарының тізімін бақылаңыз; 
аты-жөні жоқ, түсініксіз белгілермен, иероглифтермен немесе күмәнді суреттермен жасалған парақшаларға назар аударыңыз.
Көңіл бөлу қажет белгілер:

бала дұрыс ұйықтамайды, түнде жиі оянады; 
денесінде түсініксіз жарақат, көгерулер пайда болады;
тұйықталып, ашушаң болып, сөйлесуден қашады;
мазмұны депрессивті немесе агрессивті бейнені жиі көреді;
қорқынышты суреттер салып, оның мәнін түсіндірмейді.
Балаға қалай көмек көрсету қажет?

эмоционалдық жағдайын жіті бақылаңыз;
балаңызбен жиі сөйлесіп, күнделікті өміріне қызығушылық танытыңыз;
бала кез келген сәтте ойымен бөлісе алатынын сезінуі керек.
Көмек қажет болса, қайда жүгіну керек?

құқық қорғау органдарына(102);
мектептегі педагог-психологқа;
мектеп жанындағы ата-ананы қолдау көрсету орталығына;
балаларды психологиялық қолдау орталығына;
өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілге;
тәулік бойы, тегін жұмыс істейтін «111» байланыс орталығына.

Фото: Kazinform/ Freepik