457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ТЖМ құтқарушылары Оңтүстік Корея азаматына көмек көрсетті

Үлкен Алматы көлі маңындағы тау өзенінің бойында рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде жедел-құтқару жасағының қызметкерлері еңістің жиегінде жатқан ер адамды байқаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Анықталғандай, 1993 жылы туған Оңтүстік Корея азаматы электровелосипедпен жүріп келе жатып, күрделі жер бедерінде басқаруды жоғалтып, құлап жарақат алған.

Құтқарушылар тік және жартасты тау бөктерінде зардап шеккен адамға жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Шетелдік азамат ауруханаға жатқызудан бас тартты.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға таулы аймақтарда серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

Фото: ТЖМ