457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ләззат Танысбай жаңа қызметке тағайындалды

Ләззат Танысбай 6 жылдан астам уақыт бойы "Қазақстан" ұлттық телерадиокорпорациясын басқарды. Бүгін Ләззат Мұратқызы жаңа қызметке ауысып, «Еуразия Бірінші арнасының» басшысы ретінде қызметке кірісіп отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

"Осы кезеңде корпорацияда бұған дейінгі басшылық қалыптастырған жақсы дәстүрлер жалғасып, сонымен бірге жаңа серпін берген бастамалар жүзеге асты. 

Сонымен қатар жас мамандардың кәсіби өсуіне мүмкіндік беріп, жаңа буын менеджерлердің қалыптасуына ықпал етті. 

Біз құрметімізді білдіріп, жаңа жұмысында табыс тілейміз!", – деп жазылған ұлттық арнаның әлеуметтік желідегі ресми парағында.

Ләззат Мұратқызы Танысбай 1973 жылы 11 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауылында дүниеге келген.

Білімі: Алматы халықаралық журналистика институтын бітірген.

Халықаралық бизнес университінің МВА дәрежесін қорғаған (диссертация тақырыбы: «Қазіргі Қазақстан жағдайында телеарнаның қаржылық тиімділігін арттыру жолдары»).

Қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерін меңгерген

Еңбек жолын 1993 жылы Қазақстан Республикалық Телерадиокорпорациясында редактор қызметінен бастады, одан кейін репортер және тележүргізуші қызметін атқарды.

«Хабар» Агенттігінің іргетасы қаланған күннен бастап (1996 ж.- 2002 жылға дейін) жаңалықтар қызметінің редакторы – жүргізушісі, атқарушы продюсері болып еңбек етті.

2002 жылы мемлекеттік қызметке ауысты. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Баспасөз қызметінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, бас инспектор қызметтерін атқарды.

2005 жылдың қыркүйек айынан бастап 2008 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі, Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары болды.

2008 жылдың қазанынан бастап 2011 жылдың қарашасына дейін – «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2011 жылдың 4-ші қарашасынан бастап – ҚР Ақпарат және байланыс вице-министрі.

2012 жылдың ақпанында «Астана қ. теледидары» ЖШС-нің Бас директоры болып тағайындалды.

2019 жылдың 8 сәуірінен бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы болып тағайындалған болатын.

Марапаттары: Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері (2010),

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015).

Фото: «Қазақстан» РТРК