Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Полиция бетті жабатын киімге қатысты заң қалай қолданылатынын түсіндірді

Құқық
Полиция бетті жабатын киімге қатысты заң қалай қолданылатынын түсіндірді

Қазақстанда 12 шілдеден бастап қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және азаматтарды бейнебақылау арқылы анықтау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында бет жабатын киімге тыйым салатын заң күшіне енді, деп хабарлайды Malim.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Заңға сәйкес, бет толық жабылып, тұлғаны визуалды тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге болмайды. Бұған балаклава, медициналық емес маска, никаб және өзге де бетті тұтас жауып тұратын элементтер жатады.

Алайда заңда бірқатар ерекшеліктер қарастырылған:

  • ауа райының қолайсыз жағдайларында (суық, боран, шаңды дауыл т.б.),
  • медициналық қажеттіліктерге байланысты,
  • қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындау кезінде,
  • азаматтық қорғау мақсатында,
  • спорттық, мәдени және бұқаралық шаралар барысында бет жабуға рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, бет ашық қалатын діни киімдер (хиджаб, шейла, химар, аль-амира және ұқсас элементтер) заңға қайшы саналмайды.

Құқық қорғау органдары атап өткендей, бұл шаралар азаматтардың құқығы мен бостандығына, соның ішінде діни сенім бостандығына қол сұқпайды, тек қана қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.

Фото: depositphotos.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу