Аймағамбетов Тоқаевты неге өтірікші жасай береді?

Министрім не дейді, президентім не дейді? Аймағамбетов Тоқаевты екі айдың ішінде екі түрлі сөйлеуге мәжбүрледі.

Алмас НҮСІП

  • 01.09.2022
Қ.Тоқаев пен А.Аймағамбетов / Фото: ktk.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында балабақшамен қамтуға қатысты бір дерек келтірді. Оның айтуынша 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту ісі ақсап жатыр. Жартысына жуығы балабақшаға бара алмайды. Өз сөзімен келтірсек:

«Мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болу керек. Алайда бізде 2-ден 6 жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды. Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қоса тәрбиешілердің әлеуметтік статусын көтеріп, жалақысын көбейту керек».

Тоқаевқа мұндай деректі кім бергені белгісіз. Логикаға салсақ, мектепке дейінгі мекемелердің дерек-дәйегі  Оқу-ағарту министрлігіне қарайды. Демек, Тоқаевтың аузына бұл сөзді Оқу-ағарту министрі Аймағамбетовтің өзі салған болып шығады.

Бір қызығы Аймағамбетов осыдан жеті ай бұрын, дәл ақпан айының 2-сінде Тоқаевқа мүлде кереғар дерек айтқан. Қараңыз, үкімет отырысында жасаған баяндамасында ол кездегі Білім және ғылым министрі былай дейді:

«3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 99 пайызға жетті. Ендігі міндет – балабақша бағдарламаларының мазмұны мен оқу-әдістемесін жақсарту, оларға деген талапты күшейтіп, жалпы сапасын арттыру. Мектепке дейінгі білім мен тәрбие моделі дайындалды. Оны биыл жүзеге асырамыз. Осыған дейін кішкентай балаларға мектептегі тәрізді 20 минуттан сабақ өткізіліп келсе, енді педагог оқыту мен тәрбиелеуді баланың бақшаға келген тұсынан бастап физиологиялық және психологиялық қажеттіліктеріне қарай ойын, коммуникациялық арнайы әдістемемен іске асырады. Шетелдік тәжірибе осы әдістеменің маңыздылығын көрсетіп отыр».

Бәлкім, Аймағамбетов бұл жерде 2-6 жасқа дейінгі балалар туралы айтылып тұрғанын, ал, ол 3-6 жасқа дейінгі балалар туралы айттым деп ақталып кетуіне де болар. Бірақ, осыдан екі айға жетпейтін уақыт бұрын Тоқаев 2-6 жасқа дейінгі балалардың 88%-ы балабақшамен қамтылғанын айтқан. Жоғарыдағы логикаға салсақ, бұл ақпараттың да түпкі дерегі Аймағамбетов басқаратын ведомствоға барып тіреледі.

Балабақша жыры соншама жылдан бері айтылып келе жатқан мәселе. Ақыры, жекеменшік балабақшалардың үлесін көбейту арқылы бұл проблема шешілгендей болған. Тіпті, оларға мемлекет тарапынан жасалатын тексерулерге де тыйым салып, балабақшамен қамту көрсеткішін «кей өңірлерде 100 пайызға жеткізіп» тастаған соң, аз уақыт желпіне сөйлеп жүрген Аймағамбетов жақында күтпеген жерден сапа туралы айта бастады. Алдымен Аймағамбетов, одан кейін Тоқаев балабақшаларды лицензиялау тәртібін қайта енгізілетінін айтты.

Оқи отырыңыз: Ұлттық қор – даяр ас, Смайылов – тік қасық

Президентті өтірікші жасап, әр түрлі сөйлеуге мәжбүрлеп жүрген Аймағамбетовтің бұл әрекетін ақтайтын бір ғана жол бар: Ол балабақшалардың жартысы техникалық және санитарлық талаптарға сай келмейтін ғимараттарда, білікті мамандарсыз және қауіпті жағдайларда ашылғанын, былтыр балабақшалардың 80%-ы мемлекеттік аттестациядан өте алмаса да жұмысын жалғастырып жатқанын және "қауіпті жағдайдағы балабақшаларға" әлі күнге жұмыс істеуге мүмкіндік беріп қойған балабақшалардың Тоқаевтың есебіне кірмейтінін, яғни, бұл балабақшаларға Оқу-ағарту министрлігінің қатысы жоқ екенін мойындау. Сонда ғана президент емес, Аймағамбетовтің өзі өтірікші болып құтылады.

Әйтпесе, лицензиялау қайтарылғанша министрдің өз сөзімен айтсақ, «формалды түрде жабылғанмен, сол ғимаратта, сол проблемалармен қайта ашылып жұмысын жалғастыра беретін» балабақшалардың әр ауызға ілінген сайын өзгере беретін көрсеткіші кезектен тыс сайлау өткізіп, тағы бір жеті жыл президент болуды ойлап отырған Тоқаевқа онша абырой әпере қоймайды. 

Байланысты жаналықтар

Депутат кім болуы керек?  Парламентке әртістер қажет пе?  

09.02.2023

«Жыр» болған LRT құрылысы аяқталатын секілді

02.02.2023

Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек – Тоқаев

26.01.2023

Тоқаев Сенат төрағалығына Әшімбаевты қайта ұсынды

26.01.2023

Мәжіліс пен мәслихат сайлауының өтетін күні мәлім болды

19.01.2023

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

05.01.2023
MalimBlocks
Депутат кім болуы керек?  Парламентке әртістер қажет пе?  

Елдегі ерінбегеннің бәрі депутат болудан дәмелі

«Жыр» болған LRT құрылысы аяқталатын секілді

Үкімет қосымша 20 миллиард теңге бөлген

Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек – Тоқаев

Олар дауыс жинау үшін түрлі тәсілдерді қолданады

Тоқаев Сенат төрағалығына Әшімбаевты қайта ұсынды

Әшімбаев бұл лауазымда 3 жыл отырған

Мәжіліс пен мәслихат сайлауының өтетін күні мәлім болды

Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы сайланады

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

Кешегі тағайындаулардың ішінде елдің назарын ерекше аударған – Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің орнынан кетуі болды. Үш жарым жыл бойы министр болған Аймағамбетовті қимайтындар аз емес екен.