Ұлттық қор – даяр ас, Смайылов – тік қасық

Ұлттық қор 30-40 жылдан кейін қазба байлықтарымыз таусылған кезде пайдаланылатын қаражат еді...

Олжас Қасым

  • 02.09.2022
Ә.Смайылов / Фото: primeminister.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы және Парламенттің үшінші сессиясы.  Үрпиіскен Үкімет мүшелері, ала жаздай демалып, креслоларына еріне отырған депутаттар үшін бұл Жолдау сынмен басталды. Жолдауда негізгі сөз естіген бір адам болса, ол премьер министр Әлихан Смайылов.

Тоқаев жанар-жағармай мен шекер жырын тағы бір айтып, оған бірден бір кінәлі Үкімет деді. «Осының бәрі Үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр. Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды. Сондықтан, дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді».

Смайыловтың сылбырлығын кеше депутат Жаңбыршин да сынаған. Оның негізгі айтқаны Тоқаев жолдауымен үндес шықты, соған қарағанда депутаттың сыны Жолдауға дайындық процесінде арнайы жасалған қадам сияқты.

«Ескі жүйеде жұмыс істеп қалған шенеуніктер, жаңа жағдайға бейімделе алмай, жаңаша жұмыс істей алмай отыр. Ескі «Жигули» қанша әдемілесең де «Тойота» бола алмайды. Қанша рет айттық, жаңа кадрлар керек деп. Бәрін жасайтын адам, 8 айда ештеңе жасай алмаған Үкімет, енді бірдеңе қатыра қояды дегенге өз басым сенбеймін. Ренжімесін жігіттер», - деп, сөзінің соңын өзімсіне аяқтаған Жаңбыршин Жаңа Қазақстанға сенбейтінін білдірген.

Қалай айтсаңыз да, мемлекеттегі төртінші тұлға ретінде көзге көп түспейтін Смайылов Тоқаев айтқан шикізатқа тәуелділік, еңбек өнімділігінің төмендігі, инновацияның жеткіліксіздігі, ұлттық табыс игілігінің халыққа берілмей жатқаны сияқты мәселелерді қайтсе де шеше алмайтынын біледі. Сондықтан да көлеңкеде жүреді де қояды, оны Тоқаев та біледі, сынаса да сипай қамшылап қана жұмсақ айтады, депутат та өзімсіне сөйлейді.

Тоқаев шетелден келетін инвестиция туралы, оларға берілетін жеңілдік туралы да айтты. Бірақ, инвестициялық тартымдылықтың ең басты шарты елдегі баға тұрақтылығы екеніне онша мән бермейді. Қаржыгер Бауыржан Ысқақов баға проблемасын әкімшілік жолмен реттеу, баға белгілеу ісіне мемлекеттің араласпауы керек деген пікір айтады.

 «Баға белгілеу стратегиялық     бағытта қызмет көрсететін   сала болса, әрине, мемлекет   бақылағаны жөн. Бағаны   әкімшілік жолмен реттеу   тұтас салалардың     инвестициялық   тартымдылығын азайтады.   Өйткені, әрбір инвестор дербес   жұмыс істегенді жақсы көреді.   Оларға бәсекелестік ортаны қалыптастыруға мүмкіндік берсек, бюрократиялық фискалдық қысым көрсетілмей жұмыс істеуге жол ашсақ тиімділігі өте жоғары. Дамыған мемлекеттерде нарық пен мемлекеттік бақылау деген ұғымдар өте әділ түрде реттеледі. Кәсіпкерлер біздегідей бағаны қалыптастыру, нарыққа қажетті өнім шығару  кезінде әкімшілікке бағынышты болмайды. Қазақстанда кәсіп ашу үшін әрбір қадам мемлекеттік органдарға тәуелді. Тексерушілер де, оны қадағалаушылар да көп. Сол салаға келетін инвесторларды қорқытып, үркітіп жатқанымыз анық. Бағаны нарықтың өзі белгілеуі керек. Бірақ, нарық белгілейді екен деп еркін айналымға мүмкіндіксіз, жағдайсыз шығарып жіберуден сақ болу керек», - дейді ол.         

Оқи отырыңыз: Ұлттық қордың түбі көрінді. Енді қайттік?

Жолдауда айтылған мәселенің бірі – Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсауды тоқтату. Бауыржан Ысқақов расымен де Ұлттық қордың бүйірін үңірейте беруді тыю керек деген пікірде.

«Әлем бойынша, ұлттық қоры бар мемлекеттер өте аз. Мысалы біз Норвегияны үлгі ретінде алып, осындай қор құрдық. Ұлттық қордың 10 пайыз қаражаты табиғи қазба байлықтан түсетіні белгілі. Және ол барлық мемлекеттің еншісіне бұйырмаған, экспортқа өнім шығаратын елдерде ғана бар. Ұлттық қор - 30-40 жылдан кейін қазба байлықтарымыз таусылған кезде пайдаланылатын қаражат еді. Бірақ біз кейіннен қолдан жасалған дағдарыс болсын, әлемдік тоқырау болсын ұлттық қордан қаржы алуды дәстүрге айналдырып жібердік. Ұрпақ игілігіне берілген қаржыны оңды-солды шашу, қиындықтан шығудың төте жолы ретінде пайдалану елді кері кетірді».    

Экономистің пікірінше, Үкіметтің негізгі мақсаты – ұлттық қорға қол жаю емес, керісінше, еселендіріп, көбейту еді. Егер ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылса, Үкімет қосымша табыс көздерін қарастыруға мәжбүр болады. Біз бұдан да қиын кездері өмір сүріп келдік. Қазір бизнес дамып жатыр, қаржы әкелетін салалар көбейген. Сондықтан, Үкіметке дайын асқа тік қасық болуды доғару қажет.

Жолдауда «атқарылды» деген емес, «іске асыру керек» деген әңгіме көп айтылды. Мұның алдындағы Жолдауларда да кезек күттірмейтін істер шаш етектен еді. «Керек»-пен қай уақытқа дейін барады екенбіз. Әзірше, Тоқаев айтқан «кадрлық  шешімдер қабылдаудан» өзгере қоятын ештеңе байқап тұрғанымыз жоқ. Ал, жаздың басында «Ұлттық қорды үнемдеу керек» деген Смайылов Ұлттық қордан ақша алса да сынға ұшырайды, алмаса да сынға ұшырайтынын біледі.     

Байланысты жаналықтар

Қайтарылған актив: Риддерде аурухана салынады

20.11.2024

Ұлттық қордан тағы 2 триллион теңге алынады

13.11.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді тапсырды

12.11.2024

Үйі жоқ барлық азамат кезекке тұра алады

11.11.2024

Үкіметте «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы бекітілді

09.11.2024

Ұлттық қордан 1 айда 641 миллиард теңге алынған

07.11.2024
MalimBlocks
Қайтарылған актив: Риддерде аурухана салынады

Үкімет 2021 жылы басталған аурухана кешенінің құрылысын аяқтау үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдады

Ұлттық қордан тағы 2 триллион теңге алынады

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді тапсырды

Үкімет отырысы барысында одан әрі пайдалануға жарамсыз тұрмыстық баллондарды қолданыстан шығару және утилизациялау мәселесін шешу қажеттігі атап өтілді

Үйі жоқ барлық азамат кезекке тұра алады

Үй беру азаматтың табысы мен мәртебесіне сәйкес жүргізіледі

Үкіметте «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы бекітілді

Онда экология бағыттары бойынша индикаторлар қойылған

Ұлттық қордан 1 айда 641 миллиард теңге алынған