457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасарын қабылдады

Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.   


Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды. 

Президент Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, екі ел арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Әңгіме барысында сондай-ақ энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды.

Фото: Ақорда