Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қаңтар оқиғасы: Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды

Құқық
Қаңтар оқиғасы: Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды

Бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылындағы абақтыда азаматтарды азаптау бойынша іс тергеліп жатқаны хабарланған еді, деп хабарлайды Malim.kz.

Экс-полицейдің қамауға алынғаны туралы Бас прокуратура хабарлады. Онда Б. Әлібеков 2024 жылдың 28 мамырында ұсталғаны айтылған.  Оған ҚПК-нің 128-бабы бойынша айып тағылған.

Өзге мәліметтер Қылмыстық кодекстің 201 бабына сәйкес жария етілмейді. 

Айта кетейік, 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен Қазақстанда ұсталған-тын. Оның оқиғаға байланысы расталмаған соң босатылады. Одан кейін ол полицияның азаптағанын мәлімдеді. Кейінірек музыкант ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау үшін Астананың Алматы аудандық сотына ҚР Ішкі істер министрлігіне қарсы шағым түсірген. Алайда талап-арыз қабылданбаған еді.

Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу