freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстаннан Қырғызстанға 190 мың тонна бензин заңсыз тасымалданған

Құқық
Қазақстаннан Қырғызстанға 190 мың тонна бензин заңсыз тасымалданған
Қаржылық мониторинг агенттігі

Жыл басынан бері Қазақстаннан жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығарудың 712 әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Агенттік мәліметінше, ҚМА Ішкі істер министрлігі және ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы мен контрабандасына қарсы кешенді жұмыстар жүргізіп келеді. Осы кезеңде мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы және контрабанда фактілері бойынша 8 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Ең ірі заңсыз схемалардың бірі Маңғыстау облысында анықталды. Тергеу барысында 2022 жылдан бері есепке алынбаған 28,5 мың тоннадан астам мұнайды өңдеп келген жасырын шағын мұнай өңдеу зауытының қызметі әшкереленген. Онда өндірілген мұнай өнімдері мазут ретінде рәсімделіп, кейін шетелге экспортталған.

Ал Түркістан облысында мемлекеттік шекара астынан арнайы қазылған тоннель арқылы Өзбекстанға бензин контрабандасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылған тұлғалар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Сонымен қатар Қырғыз Республикасына АИ-92 маркалы бензинді заңсыз тасымалдаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды. Тергеу деректеріне сәйкес, заңсыз шығарылған жанармай көлемі 190 мың тоннадан асып, оның жалпы құны 37 млрд теңгеден жоғары болған, - делінген ҚМА хабарламасында.

Кезекті заңсыз тасымалдау әрекетінің жолы «Түрксіб» станциясында кесілді. Онда шамамен 500 тонна бензин тиелген сегіз теміржол цистернасы ұсталды. Құны 138 млн теңгені құрайтын тәркіленген бензин мемлекет кірісіне өткізілді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау және жанар-жағармай тапшылығының алдын алу мақсатында мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау схемаларын анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары жүйелі түрде жалғасады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу