Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанай облысында бас бухгалтер мемлекеттік бюджетті алты жыл бойы ұрлаған

Құқық
Қостанай облысында бас бухгалтер мемлекеттік бюджетті алты жыл бойы ұрлаған

Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы мемлекеттік мекеме бас есепшісінің бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол 6 жыл бойы бюджетті үнемдеуден түскен қаражатты өзіне заңсыз аударған.

Сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, артық аударылған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 12,3 миллион теңге.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Тергеу барысында күдікті келтірілген шығынды толық көлемде өтеді.

Сот үкімімен уәкілетті тұлға 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу